Патологиялық материал
ретінде зақымдалған ет ұлпалары
алынады.
Микроскопиясы.
Clostridium chauvoei
– жуан, ірі, грам-оң
жылжымалы (перитрих), спорасы ортасында немесе субтерминальды
орналасқан таяқша. Спорасының диаметрі вегетативті жасушасынан
үлкен болғандықтан ұршық немесе ожауға ұқсас болып келеді.
Өсінділік-биохимиялық қасиеттері.
Қоздырғыштың қолайлы өсу
температурасы 36-38ºС. Сұйық қоректік орталарды 16-24 сағаттан кейін
лайлайды, газ түзіп, кейіннен тұнбаға түседі, глюкоза мен қан қосылған
агарда жүзім жапырағы тәрізді колонияларды түзіп, өседі. Желатинды
сұйылтады, сүтті ұйытады. Қышқыл мен газ түзе отыра глюкоза, лактоза
және мальтозаны ыдыратады. Салицин, маннит, глицеринді ашытпайды.
Достарыңызбен бөлісу: |