Люминесцентті микроскопия сібір жарасы қоздырғышына қарсы
флюоресцирлеуші антиденелері бар қан сарысуларының көмегімен
орындалады. Зерттеудің оң нәтижесінде бацилла жасушаларының
сыртқы қабатының жарқырауы байқалады.
Биологиялық сынауда ақ тышқандар (0,1-0,2 мл) мен теңіз
шошқаларының (0,5-1,0 мл) тері астына орган немесе бактерия
суспензиясын егеді. Өлген жануарларды сойып, толық
бактериологиялық зерттеуден өткізеді.
Бұл ауруға зерттеуге алынған материалдан сібір жарасы антигенін
преципитация реакциясымен табу арқылы да диагноз қоюға болады. Бұл
реакцияда антиген ретінде орган ұлпаларынан (құлақ ұлпаларынан)
алынған экстракт қолданылады. Ол үшін ұсақтап тураған материалды 20
минут бойы физиологиялық ерітіндіде қайнатқаннан кейін асбестті
мақтамен сүзеді. Экстракт суыған соң Уленгут шыны түтіктерінде сібір
жарасының преципитирлеуші қан сарысуымен ПР (Асколи реакциясы)
немесе ДПР қойылады.
Тері шикізатының үлгілері суық тәсілмен өңделеді. Ол үшін
зерттеуге жіберілген терінің кесіндісі ұсақталып, оның 1-2 г
физиологиялық ерітіндісінде 16-18 сағат бойы бөлме температурасында
экстракцияланады. Шошқа терісінің үлгісі 30 минут қайнатылады.
Экстракттар асбестті мақтамен бірнеше рет сүзіліп, жоғарыда аталған
реакциялармен тексеріледі.
Сібір жарасына
диагноз қою үшін төменде көрсетілген
шаралардың біреуі анықталса жеткілікті: 1) зерттеуге алынған
патологиялық материалдардан зертханалық жануарларға патогенді
болып келетін және сібір жарасы қоздырғышына тән қасиеттері бар
бактериялардың бөлінуі; 2) зерттеуге алынған материалдар себілген
қоректік орталарда микроб өсінділерінің пайда болмағанына қарамай,
жұқтырылған жануарлардың организмінен ауру қоздырғышының
154
бөлініп алынуы; 3) патологиялық материалдардан дайындалған
препараттарда капсулалы микроорганизмдердің анықталуымен қатар
иммунофлуоресценция реакциясының оң нәтиже беруі; 4) преципитация
реакциясының оң нәтиже беруі.