Микробиологиялыќ зертхана


Өсінділік және биохимиялық қасиеттері



Pdf көрінісі
бет204/277
Дата12.03.2022
өлшемі6,39 Mb.
#135374
1   ...   200   201   202   203   204   205   206   207   ...   277
Байланысты:
сабақ түсіндірген бойынша

 
Өсінділік және биохимиялық қасиеттері.
Bacillus anthracis 
аэроб,
қолайлы өсу температурасы 37-38ºС, қарапайым қоректік орталарда
жақсы өседі. Қоздырғышты бөліп алу үшін зерттеуге алынған
материалдардан Петри шынылары мен шыны түтіктерге құйылған ЕПА;
ЕПС-на себінді жасап, 18-24 сағат термостатта ұстайды. Микробтардың
өсуі байқалмаған жағдайда тағы 48 сағатқа қалдырады.
 
152


66-сурет. Патологиялық материалдан
дайындалған 
Bacillus anthracis
микроскопиясы
67-сурет. Қоректік ортада 
өсірілген
 Bacillus anthracis
микроскопиясы
Bacillus anthracis
ЕПА-да жалпақ, күңгірт, кедір - бұдырлы (R-
пішінді), ортасы қара түсті, шеттері медузаның аяқтары тәрізді
тарамдалған колония түзеді. ЕПС-да қоздырғыш мақта тәрізді
борпылдақ тұнба түзеді, ал қоректік орта мөлдір күйінде қалады. 
Сібір жарасына диагноз қою үшін қоздырғыштың патологиялық
материалдан табылуы, осы микробқа тән морфологиялық және өсінділік
қасиеттері бар бактериялардың зерттеуге алынған үлгілерінен бөлініп
алынуы жеткілікті.
Bacillus anthracis 
басқа сапрофитті бациллалардан келесі қасиеттері
бойынша ажыратылады (7-кесте).
7-кесте. Сібір жарасы қоздырғышының сапрофитті бациллалардан
айырмашылығы
Ажыратқыш белгілері
Bacillus 
тұқымының түрлері
Bacillus
anthracis
Bacillus
cereus
Bacillus
megaterium
Bacillus
mycoides
Bacillus
subtilis
Жылжымалығы
-
+
+
+
+
Капсула түзуі
+
-
-
-
-
Гемолиз (қанды агарда)
-
+
-
+
+/-
Пенициллинге 
сезімталдығы
+
-
-
-
-
Сібір жарасы фагіне 
сезімталдығы
+
-
-
-
-
Сібір жарасының 
люминесцирлеуші қан 
сарысуымен қойылатын 
реакция
+
-
-
-
-
Ақ тышқандарға 
патогенділігі
+
+/-
-
-
-
Сапрофитті бациллалармен салыстырғанда сібір жарасы
қоздырғышының жылжымалық қасиеті жоқ, қанды агарда гемолиз
153


аймағын түзбейді, ауру мал организмінде капсула түзеді, пенициллинге
сезімтал. Микробтардың сезімталдығын анықтау үшін құрамында
пенициллиннің 0,5 және 0,05 ӨБ/мл бар ЕПА-ына микробты сеуіп, 37-
38ºС-де термостатта 3 сағат бойы ұстайды. Осы кезде сібір жарасы
қоздырғышының жасушалары пенициллиннің әсерінен шар тәріздес
пішінге ие болады. Бұл құбылыс микробтың L- трансформациясының
бастапқы сатысы болып есептеледі. 
Өсінділердің идентификациясы сібір жарасының бактериофагының
көмегімен де жүргізіледі. Ол үшін қиғаш қатырылған ЕПА-ға зерттеуге
алынған өсіндіні немесе патологиялық материалды себеді де, шыны
түтіктің ішіне фагтың (Гамма-МВА немесе К-ВИЭВ) бір тамшысын
тамызып, шыны түтікті термостатқа тігінен қойғанда фагтың тамшысы
түбіне қарай жылжиды. Материалда
Bacillus anthracis
болған жағдайда
тамшының төмен қарай жылжу жолында микробтың өсуі байқалмайды.
Ал сапрофитті бациллалар фагтарға төзімді болғандықтан, ЕПА-дың
бүкіл бетіне жайылып өседі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   200   201   202   203   204   205   206   207   ...   277




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет