Микробиологиялыќ зертхана



Pdf көрінісі
бет49/277
Дата12.03.2022
өлшемі6,39 Mb.
#135374
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   277
Байланысты:
сабақ түсіндірген бойынша

Бақылау сұрақтары:
 
1 Микроорганизмдердің сахаролиттік
қасиеттерін анықтау тәсілі. 2 Микроорганизмдердің протеолиттік
қасиеттерін анықтау тәсілі. 3 Индол, күкірт сутегі мен аммиакты
анықтау әдісі. 4 Бактериялардың гемолиттік қасиеттерін зерттеу.
МИКРООРГАНИЗМДЕРДІҢ АНТИБИОТИКТЕРГЕ
СЕЗІМТАЛДЫҒЫН АНЫҚТАУ. БАКТЕРИОФАГТАР
Антибиотиктер
шығу тегіне байланысты саңырауқұлақтардан
(пенициллин, гризеофульвин, т.б.), актиномицеттерден (стрептомицин,
неомицин, тетрациклин, эритромицин, т.б.), бактериялардан
(грамицидин, полимиксин, тиротрицин, субтилин, т.б.), жоғарғы
сатыдағы өсімдіктерден (аллицин, фитоалексин, алоэ препараттары,
сарымсақ пен пияздың фитонцидтері, т.б.) және жануардан (лизоцим,
эритрин, экмолин, т.б.) алынатын деп ажыратады.
Емдік
тәжірибеде
қолданылатын
антибиотиктер
микроорганизмдердің бір ғана тобына (мысалы, грамм оң немесе грамм
теріс бактериялар) немесе микробтардың әр түрлі тобына әсер ететін деп
бөліп қарастырылады. Антибиотиктер өндірістік жағдайда калий, натрий
тұздары түрінде дайындалып, арнайы қаптамаларда шығарылады.
Антибиотикті препараттарды шығарар алдында олардың белсенділігі
анықталынады. Ал кейбір жағдайларда зерттелетін материалдардағы
антибиотиктердің концентрациясы да тексеріледі. 
Антибиотиктердің биологиялық белсенділігі 1 мл ерітіндідегі
(ӘБ/мл) немесе 1 мг препараттағы (ӘБ/мг) түзілетін шартты әсер ету
бірлігімен (ӘБ) көрсетіледі. Антибиотик белсенділігінің әсер бірлігі деп
белгілі бір көлемдегі стандартты-тест микробтарының қоректік
орталарда өсуін тежейтін антибиотиктің ең аз мөлшерін айтады. Әр
антибиотиктің белсенділігін анықтау үшін белгілі бір жүйеде
дайындалған арнайы тест-микробтар қолданылады. Пенициллин үшін –
алтын түсті стафилококк, стрептомицин және тетрациклин үшін –
Bacillus subtilis
штамдары, ал биомицин мен левомицетин үшін –
Escherichia coli
пайдаланылады. 1 мг стрептомициннің эквиваленті 1000
ӘБ тең, яғни осы антибиотиктің 1ӘБ эквиваленті 0,001 мг-ға тең болады.
Биологиялық белсенділіктің әсер ету бірлігі антибиотиктердің
барлығында бірдей бола бермейді. Мәселен, неомициннің 1 ӘБ – 0,033
мг, пенициллиннің 1ӘБ – 0,0006 мг, бацитрациннің 1ӘБ – 0,02 мг-ға
эквивалентті болып келеді. 
Антибиотиктердің белсенділігін химиялық және биологиялық
әдістердің көмегімен анықтайды. Бұл әдістер антибиотиктік
препараттардың тірі микроб жасушаларына тікелей әсер ету
қарқындылығын анықтауға бағытталған. Екі қатарға орналастырылған
20 шыны түтіктің әрқайсысына 1 мл-ден қоректік ортаны енгізеді.
Бірінші қатардағы шыны түтіктерге стандартты антибиотиктің
сұйлтымдарын дайындайды. Ол үшін бірінші шыны түтікке 1 мл
43


антибиотикті қосып, араластырғаннан кейін келесілеріне үлестіру
арқылы сұйылтады. Соңғы екі түтікке антибиотик енгізілмей, бақылау
ретінде қалдырылады. Ал екінші қатардағы түтіктерде жоғарыда
көрсетілген реттілік бойынша зерттеуге алынған антибиотиктер
сұйылтылады. Сонан соң екі қатардағы барлық шыны түтіктерге белгілі
мөлшердегі тест-микробтар құйып, 18-24 сағат бойы 37ºС температураға
реттелген термостатта ұстайды. Олардың нәтижелері тест-
микробтардың өсу көрінісі байқалмаған сұйылтым көрсеткішіне
байланысты бағаланады, яғни препараттың минимальды мөлшері
анықталынады.
Зертхана жағдайларында көбінесе зерттелетін антибиотиктердің әр
түрлі концентрациясында сіңдірілген қағаз дискісіндегі сақиналы әдіс
қолданылады.
Жұмысты орындау техникасы.
Зерттелуге алынған препаратты
физиологиялық ертіндімен әр түрлі қатынаста (1:10, 1:100, 1:1000,
1:10000 және т.б.) сұйылтады. Стерильді қоректік агары бар бірнеше
Петри шыныларының беткейіне тест-микробтың өсінділерінен себінді
жасайды да, олардың түбін қарындашпен белгілеу арқылы төрт бөлікке
бөледі. Себінді жасалған агардағы әр бөліктің ортасына белгілі
концентрациядағы антибиотик ерітіндісімен сіңдірілген стерильді қағаз
дискіні (диаметрі 0,6 см) орналастырып, 16-18 сағат термостатта (+37ºС)
ұстайды. Ерітіндідегі антибиотиктің концентрациясына және олардың
белсенділігіне байланысты дискінің айналасында тест-микробтың
өсуінің тежелу аймағы (әр түрлі көлемде) пайда болады. Пайда болған
көлемі кіші аймақтарды сызғыштың және циркульдің көмегімен
өлшейді. Сонымен қатар белсенділігі белгілі стандартты антибиотиктер
де тексеріледі. Әрбір зерттелетін және стандартты антибиотиктердің
концентрациясын анықтау үшін олардың ортақ арифметикалық
көрсеткішін есептеп шығару қажет. Белсенділікті арнайы кесте немесе
стандартты қисық сызықты жүйе бойынша есептеп шығарады. 
Тиімді антибиотикті таңдап алу үшін ауру қоздырғыштарының
бірнеше антибиотиктерге сезімталдықтарын (антибиотиктік
рнезистенттілігі) тексереді. 
Стерильді Петри шынысына 20 мл ЕПА құяды. Ортаның рН-ы 7,2-
7,4 аралығында болуы керек. Патологиялық материалдан бөлініп
алынған ауру қоздырғышының өсіндісін агар бетінен физиологиялық
ерітіндімен шайып алып алғаннан кейін оның 1 миллиардты қоспасын
дайындайды да, 1 мл қоспадан қоректік агардың бетіне себінді жасайды.
Себінді жасалған ыдыстарды 15-30 минут бойы 37ºС-де кептіреді. Сонан
соң әртүрлі антибиотик сіңдірілген қағаз дискілерді себінді жасалған
агардың бетіне стерильді пинцеттің көмегімен орналастырады. Бір
Петри шынысында 4-5 түрлі антибиотикті сынаудан өткізуге болады.
Дискілері бар Петри шыныларын бастапқыда бөлме температурасында
(20ºС) 2-3 сағат, кейіннен 14-15 сағат термостатта (37ºС) ұстайды.
Олардың нәтижелерін қағаз дискілердің айналасында микробтардың
44


өсуінің тежелу аймағын, олардың диаметрін анықтау арқылы бағалайды
(16-сурет). Микробтардың өсуінің тежелу аймағы 15-25 мм болған
жағдайда зерттеуге алынған микроорганизмдер антибиотикке сезімтал,
15 мм-ге дейінгілерінің сезімталдығы орташа, ал тежелу аймағының
болмағандары антибиотиктерге төзімді (резистентті) деп есептеледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   277




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет