Микробиологиялыќ зертхана



Pdf көрінісі
бет57/277
Дата12.03.2022
өлшемі6,39 Mb.
#135374
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   277
Байланысты:
сабақ түсіндірген бойынша

20-сурет. Тышқанның құрсақ
қуысына жұқтыру
49


зат шынысының бетіне бірнеше рет таңбалы жағынды жасайды;
препаратты ауада бекіткен соң бояп, микроскоппен тексереді. Өлексені
толық зерттеп болғаннан кейін кюветті, тақтайды және жұмыс үстелін
дезинфекциялайды. Саймандарды стерильдейді. Өлексені және жеке
органдарды автоклавпен немесе өлексені өртейтін пештерде өртеп,
залалсыздандырады. 
Бақылау сұрақтары:
 
1 Қандай себептерден зертханалық
жануарларды
экспериментальды
жолмен
жұқтырады?
2 Микроорганизмдердің вируленттілігін қандай өлшем бірлікпен
анықтайды? 3 Жұқтыруға қандай зертханалық жануарларды қолданады?
4 Өлексені бактериологиялық зерттеу әдісі.
МИКРООРГАНИЗМДЕР ГЕНЕТИКАСЫН ЗЕРТТЕУ ӘДІСТЕРІ
Бактериялар өзгергіштігінің генетикалық механизмі жасуша
геномындағы
дезоксирибонуклеин
қышқылының
(ДНҚ)
модификациясына, мутациясына, рекомбинациясына, сонымен қатар
плазмидтер мен фагтарға байланысты болады. Бұл жағдайда бір мезетте
мутацияға ұшыраған немесе рекомбинацияланған гендердің санына
байланысты бір немесе бірнеше белгілер қалыптасады. Мәселен,
S→R
мутациясы кезінде колониялардың морфологиясы, бактериялардың
антигендік және вируленттік қасиеттері өзгереді. 
Плазмидтер бактериялардың сан алуан белгілерін қадағалап
отыруға мүмкіндік береді. Мысалы, бактериоциндердің – колицендердің
(
Col
-плазмидтер) қалыптасуын, антибиотиктерге резистенттілгін (
R-
плазмидтер) және тағы басқа қасиеттерін.
Escherichia coli
-дің әр түрлі
серологиялық варианттарынан пайда болған колициндер бір-бірінен
бактерияларға сезімталдығының спектрі бойынша ажыратылады.
Бактериялардың колицинге сезімталдығының спектрін анықтау әдісі
колицинді типтеу, ал
Col
-плазмидтердің (
Col
А,
Col
В) типін анықтау
колициногенді типтеу деп аталады. Аталмыш әдістер инфекция көзін
анықтауда эпизоотологиялық маңызы бар бактериялардың түр немесе
олардың биологиялық варианттарын маркалауға мүмкіндік береді.
R-
плазмидтер түрлі антибиотиктерді бұзатын немесе
модификациялайтын ферменттердің (пенициллинді талқандайтын
беталактамаз) қалыптасуын қадағалап отырады. 
R-
плазмидтер өздерінің
трансмиссивтілігінің арқасында бір бактериядан келесі бактерияға
беріле алады немесе антибиотиктерге төзімді бактериялардың
популяциясын қалыптастыра алады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   277




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет