Микробиологиялыќ зертхана


Судағы бактериялардың жалпы санын



Pdf көрінісі
бет65/277
Дата12.03.2022
өлшемі6,39 Mb.
#135374
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   277
Байланысты:
сабақ түсіндірген бойынша

Судағы бактериялардың жалпы санын
анықтау
үшін суаттардан алынған су
үлгілерді жалпы тәсіл бойынша сұйылтады.
Ол үшін 2 мл үлгіні алып, 1 мл-ін бірінші
стерильді Петри шыны аяғына, ал қалған 1
мл-ін 9 мл стерильді суы бар бірінші шыны
түтікке құйып, араластырғаннан кейін,
ерітіндінің 1 мл-ін екінші 9 мл стерильді суы
бар
шыны түтікке құйып, жақсылап араластырған
соң келесі пробиркаға 1 мл құяды. Осындай жолмен небәрі 3-7
сұйылтым дайындайды. Сонан соң осы шыны түтіктердегі су үлгілерін 1
мл-ден стерильді Петри шыныларына құяды. Олардың әрқайсысына 10-
12 мл-ден 45ºС-қа дейін салқындатылған ЕПА-ын құйып, айналмалы
қозғау арқылы су үлгілерімен араластырады. Петри шыныларына
қарындашпен себу жасалған уақыты, су үлгісінің сұйылтымының
дәрежесі және басқа керекті мәліметтерді жазғаннан кейін аударып, 35-
37ºС-қа дәлденген термостатқа, 24-48 сағатқа қойылады. Өсіп шыққан
микроб колонияларының санын су үлгісінің сұйылтылу дәрежесін еске
ала отыра, микроорганизмдердің 1 мл-дегі мөлшерін лупанмен санау
арқылы анықталады. 1 мл құбыр судағы бактериялардың жалпы саны
100-ден, ал ашық су қоймаларынікі 1000-нан аспауы керек. 1 мл суда 0-
ден 100-ге дейін колониялар кездессе – таза, ішуге жарамды, 100-ден
1000-ға дейін колониялар болса – күдікті, ал 1000-нан жоғарғылары –
ластанған деп есептеледі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   277




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет