Микробиологиялыќ зертхана


-сурет. Полимеразалық тізбекті реакция кезеңдері



Pdf көрінісі
бет62/277
Дата12.03.2022
өлшемі6,39 Mb.
#135374
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   277
Байланысты:
сабақ түсіндірген бойынша

21-сурет. Полимеразалық тізбекті реакция кезеңдері
(Шумилов К.В. және басқалар бойынша, 1996).
Жұмыстың әрбір кезеңі міндетті түрде жеке бөлмелерде,
санитарлық-гигиеналық талаптар мен санитарлық-эпидемиологиялық
ережелерді сақтай отыра, ПТР-ға арналған жиынтық көмегімен
жүргізілуі тиіс. ПТР-ға арналған жиынтық құрамы үш комплекттен
тұрады: №1 комплект – биологиялық материалдардан ДНҚ бөліп алуға,
№2 комплект – ДНҚ амплификациясына, ал №3 комплект – ДНҚ
детекциялауға арналған.
53


ДНҚ бөліп алуға
қажетті комплект құрамына лизиске ұшыратушы
ерітінділер мен сорбент кіреді. Үлгілерді өңдеу жұмыстары көлемі 1,5
мл болатын микроцентрифуга түтіктерінде 90-120 минут бойы
жүргізіледі. Центрифугаланған үлгі тұнбасын лизиске ұшыратушы
ерітіндімен өңдеп, депротеинизациялағаннан кейін сорбент көмегімен
тазартады. 
Полимеразалық тізбекті реакцияны қою
үшін қолданылатын
комплект құрамына ПТР-буфер, дезоксинуклеозидүшфосфаттар
қоспасы, телімді қос олигонуклеотидті праймерлер,
Tag-
полимераза,
минералды май кіреді. Зерттеуге алынған үлгінің белгілі бір мөлшерін
арнайы «Eppendorf» түтікшелеріне енгізгеннен кейін үстінен
амплификациялаушы қоспаларды,
Tag-
полимераза ферментін және бір
тамшы минералды майды қосады да, автоматтандырылған термостатта
амплификация процесі 2-3 сағат аралығында жүргізіледі. Зерттеуге
алынған үлгілермен бірге бақылау үлгілері де қатар қойылады. 
Нәтижелерді тіркеуге
арналған комплект құрамына электрофорез
буферлерінің қоспалары мен агароза гелі жатады. Жұмыстың бұл кезеңі
амплификацияланған телімді ДНҚ фрагменттерін құрамында этидий
бромиді бар 1%-ды агароза геліндегі электрофорез көмегімен іске
асырылады. Электрофореграмма нәтижесі ультракүлгін сәуле
шығаратын трансиллюминаторда оң нәтиже көрсеткен амплификация
өнімдері (ДНҚ) мен бақылауға алынған ДНҚ препаратында қызғылт-
сары түсті болып жарқырап көрінеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   277




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет