Ауаны санитарлық-бактериологиялық зерттеу. Ауаның
микробтармен ластану дәрежесін анықтауға арналған бірнеше тәсілдер
бар. Солардың ішіндегі ең қарапайымы
седиментациялық тәсіл . Бұл
тәсіл Кох тәсілі деп те аталады. Қоректік орталары бар Петри
шыныларын 5 минутқа бөлме ішінде ашық қалдырғаннан кейін оларды
жауып, 30-35ºС-қа дәлденген термостатқа 2-3 тәулікке қойылады. Петри
шыныларындағы қоректік орта бетіне өсіп шыққан колониялар
саналады. Бұл тәсілде қоректік ортаның 100 см
2
көлеміне 5 минут
аралығында ауаның 10 литрлік мөлшерінен микробтар қонады деп
есептеледі. Сонымен қатар, ауаның ластану дәрежесін
Кротов приборының көмегімен де зерттеуге болады. Бұл тәсіл
аспирациялық тәсілдердің бірі болып табылады. Бұл тәсілдің нәтижелері
седиментациялық тәсілдердің нәтижелеріне қарағанда дәлірек болып
келеді.
Ауаның ластану дәрежесін
Дьяковтың фильтрациялық тәсілімен де
анықтауға болады. Мұнда ауаның белгілі бір көлемі стерильденген
қоректік орта (ет-пептонды сорпа) немесе стерильді физилогиялық
ерітінді арқылы өткізіледі. Ауаның үлгісі өткізілген орта мұқият
араластырылып, оның 1 мл-і стерильді Петри шынысына құйылады.
Шыныларға 40-45ºС-қа дейін суытылған ет-пептонды агарды құяды да,
айналмалы қозғалыспен біркелкі таратады. Қоректік орта тығыздалған
соң,) термостатқа (35-37ºС) қойылады. 2-3 тәуліктен соң өсіп шыққан
микроб колонияларының саны анықталады. Қоректік орта арқылы
өткізілген ауаның көлемін еске ала отыра, ауаның 1 м
3
көлеміндегі
микробтардың саны айқындалады. Микробтардың ауадағы санын
анықтау үшін сусымалы заттар да, (қант, ұнтағы т.б.) қолданылады.
Олармен стерильді шыны түтіктер толтырылып, ауаның белгілі бір
көлемі шыны түтіктер арқылы өткізілгеннен соң, қант ұнтағы стерильді
судың 5 мл-де ерітіледі де, 1 мл-і ЕПА бар Петри шынысына себіледі.
Ауаның 1 м
3
мөлшеріндегі микробтар саны зерттеуге алынған ауаның
көлемін сусымалы ұнтақтың ерітілу дәрежесін және себуге алынған
ерітіндінің көлемін ескеру арқылы анықталады.
56