Шар тәрізді микроорганизмдер (коккалар). Барлық
микроорганизмдер ядролары мен органеллаларының құрылымына
байланысты прокариоттар мен эукариоттарға бөлінеді.
Прокариоттардың ядролық заттары (генофоры) мен органеллалары
цитоплазмадан арнайы қабықшамен бөлінбеген, ал эукариоттардың
ядролары мен органеллаларын (митохондриялары мен хлоропластары)
цитоплазмадан мембрана бөліп тұрады.
Микроорганизмдердің көбі, соның ішінде шар тәрізді (коккалар)
прокариотты жасушалардың өкілдері. Коккалар (грекше
coccus – жидек)
сыртқы түріне қарағанда шардың пішінін еске түсіреді. Олардың сопақ,
бұршақ, ланцет тәрізділері де кездеседі. Бөліну сипаты мен
жасушалардың орналасуына сәйкес коккалар микрококкаларға,
диплококкаларға,
тетракоккаларға,
стафилококкаларға,
стрептококкаларға және сарциналарға бөлінеді (5-сурет).