ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ
МИНИСТРЛІГІ
С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті
А.Қ. Бұлашев, Ж.Ә. Сұраншиев, Ө.С. Әкібеков
ВЕТЕРИНАРИЯЛЫҚ
МИКРОБИОЛОГИЯ
ЖӘНЕ
ВИРУСОЛОГИЯ
Оқу құралы ретінде
университет Ғылыми кеңесімен бекітілген
Астана 2017
ӘОЖ 619:578/579(075.8)
ББК 48:28.3/4Я73
Б 89
А.Қ. Бұлашев, Ж.Ә. Сұраншиев, Ө.С. Әкібеков
Ветеринариялық микробиология және вирусология. Оқу құралы: Астана:
С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті. 2017 ж. –206 б.
ISBN 978-9965-824-69-2
Рецензенттер:
Қ.Қ. Мұқанов
– ҚР БҒМ ҒК «Ұлттық биотехнология
орталығы» РМК Бас директорының ғылыми жұмыстар
жөніндегі орынбасары, ветеринария ғылымдарының
докторы, профессор
Т.Ж. Әбдірахманов –
«С. Сейфуллин атындағы Қазақ
агротехникалық университеті» АҚ Ветеринариялық
медицина кафедрасының меңгерушісі, ветеринария
ғылымдарының докторы, профессор
«Ветеринариялық микробиология және вирусология» пәніне арналған
оқу құралы жоғары оқу орындарында 5В120100 – Ветеринариялық медицина,
5В120200 – Ветеринариялық санитария мамандықтары бойынша оқитын
студенттерге арналған. Оқу құралы мамандықтың Мемлекеттік жалпыға
міндетті білім беру стандартына сәйкес пәнінің типтік бағдарламасы негізінде
әзірленген. Сонымен қатар «Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру
технологиясы» «Аңшылықтану және аң өсіру», «Балық шаруашылығы және
өнеркәсіптік балық аулау», «Биотехнология», «Биология»
мамандықтары
бойынша білім алып жүрген студенттер үшін де қосымша әдебиет ретінде
ұсынылады.
Оқу құралы «Жалпы микробиология», «Жалпы вирусология»,
«Иммунология», «Жеке микробиология» және «Жеке вирусология»
бөлімдерінен тұрады. Ол бөлімдерде прокариотты және эукариотты
микроорганизмдердің морфологиясын, физиологиясын, олардың өсінділік
және ферментативтік қасиеттерін зерттеу әдістері, құрамында вирусы бар
материалдармен жұмыс істеу ережесі мен қауіпсіздік техникасы, вирустарды
анықтау және оларды өсіру тәсілдері, иммундық жүйе жасушаларын алу мен
оларды анықтау және иммунологиялық (серологиялық) зерттеу әдістері және
кейбір инфекциялық аурулар қоздырғыштарының қысқаша сипаттамалары
мен оларды балау тәсілдері туралы мәліметтер берілген.
Достарыңызбен бөлісу: |