Айтбай Қабыкешұлы Бұлашев
Жанболат Әміреұлы Сұраншиев
Өркен Сұлтанхамитұлы Әкібеков
Тексеруге берілді 10.02.2017.
Басуға қол қойылды 13.02.2017.
Пішімі 60х84
1/16
Тапсырыс № 1098
Шартты баспа табағы 12,87
Таралымы 100 дана.
С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті баспасы, 2017 ж.
010011, Астана қаласы, Жеңіс даңғылы, 62 а, тел. 39-39-17
206
Document Outline - ББК 48:28.3/4Я73
- Б 89
- ISBN 978-9965-824-69-2
- ISBN 978-9965-824-69-2
- АЛҒЫ СӨЗ
- І Бөлім. Жалпы микробиология
- МИКРОБИОЛОГИЯЛЫҚ ЗЕРТХАНА. МИКРОСКОПТАР
- Жағындыны дайындау. Жағындылар (препараттар) зат шынысының бетінде микробиологиялық ілмек немесе Пастер түтікшесі көмегімен дайындалады. Материал ретінде тығыз және сұйық қоректік орталарда өсірілген микроорганизмдер шайындысы, сүт, ірің, қан және т.б. үлгілер қолданылады.
- Сафранин. 2 г бояу ұнтағын 96%-ды этил спирті мен дистилденген судың 1:1 ара қатынасында дайындалған қоспасында немесе қайнап жатқан судың 100 мл-інде ерітіліп, сүзіледі.
- ІІ Бөлім. Жалпы вирусология
- ІІІ Бөлім. Иммунология
- Тышқандардан перитонеальды макрофагтарды бөліп алу. Тышқандарды жұлынын үзу арқылы жансыздандырып, тері қабатын спиртпен өңдейді. Сосын өлексені арнайы үстелге бекітіп, құрсақтың ақ жол сызығының бойымен кесінді жасайды. Теріні жан жағына керіп, арнайы инелермен бекітіп, құрсақ қуысын жалаңаштап ашады. Шприцпен құрсақ қуысына 10 мл толымсыз, салқын RPMI – 1640 қоректік ортасын енгізіп, 5-6 минут бойы тышқан құрсағын пинцетпен ақырын соққылау арқылы тітіркендіреді.
- ІV Бөлім. Жеке микробиология
- V Бөлім. Жеке вирусология
- Клиникалық белгілері. Ірі қара малдарда бастапқы кезде 2-3 күн бойы дене қызуы жоғарлауы байқалады, сүт өнімділігі төмендейді, бұлшық еттерінің треморы, кейінірек еріндерінің дірілдеуі, тістерін қышырлатуы, сілекей ағуы байқалады. Ауыз және мұрын қуыстарында, желінінде, тұяқтарының арасында күлдіреуікті жарақаттар пайда болып, 24 сағаттан кейін күлдіреуіктер жарылады да, ойық жаралар пайда болады. Малдар 8-15 тәуліктен соң аурудан сауыға бастайды. Ауру асқынғанда тілдерінің беті эрозияға ұшырайды, тұяқтары деформацияланады, желінсау, миокардит, іш тастау, салмағын жоғалтады, денесінің терморегуляциясы бұзылады, жас малдар өлімге ұшырайды.
- Патологоанатомиялық өзгерістері. Жануарлардың тілінде, қызыл иегінде, бетінде, ерінінде, танауында, тұмсығында, желін үрпілерінде, өңешінде, алдыңғы қарынында, шошқалардың тұмсығында, тәжі мен тұяқтарының арасында афталар (күлдіреуіктер) мен эрозиялар байқалады. Төлдердің ішектерінің кілегейлі қабықшалары қабынған, миокарды зақымдалған (жүрегінде жолбарыс жолақтарына ұқсас синдром) болады.
- Дифференциалдық балауы. Аусыл ауруын везикулярлық стоматиттен, шошқалардың везикулярлы экзантемасынан, ірі қара малдар обасынан, ірі қара малдардың кілегейлі қабықтарының мукозды қабынуынан, инфекциялық ринотрахеитінен, жаралы маммилитінен, папулезді стоматитінен, вирустық диареясынан, қойлардың катаральды қызбасынан (Блутанг) ажырату қажет.
- Зертханалық балауы. Материалдарды алу және зерттеуге дайындау. Ауруға шалдыққан малдардан патологиялық материалды: ірі қара малдардың тілінен пісіп жетілген, жарылмаған афталардың қабырғаларын; шошқалардың тұмсығы немесе желінінен; ұсақ малдардың үстіңгі, тісі жоқ жағынан, тұяқтарының арасынан алады. Барлық жануарлар төлдері өлекселерінің басы мен жұтқыншақ сақинасының лимфа бездері, ұйқы безі және жүрек бұлшық еті алынады. Зерттеуге вирусы бар материалдардан (жұтқыншақ пен өңеш кілегей қабықшаларынан) қырындыны арнайы зонд көмегімен алады.
- ВЕЗИКУЛЯРЛЫ СТОМАТИТ
- ШЕШЕК
- ШОШҚАЛАРДЫҢ АФРИКАЛЫҚ ОБАСЫ
- ШОШҚАЛАРДЫҢ КЛАССИКАЛЫҚ ОБАСЫ
- ҚҰС ТҰМАУЫ
- НЬЮКАСЛ АУРУЫ
Достарыңызбен бөлісу: |