Бақылау сұрақтары: 1 Құс тұмауы қоздырғышына қысқаша
сипаттама беріңіз. 2 Тұмау вирусының негізгі компоненттері, антигендік
ерекшелігі мен физикалық және химиялық факторларға төзімділігі.
3 Тұмау вирусына шалдыққан құстарда қандай клиникалық белгілер
байқалады? 4 Құс тұмауының патологоанатомиялық және
дифференциалдық балауы. 5 Құс тұмауының зертханалық балауында
қолданылатын әдістер (вирустарды өсіру, биосынама, цитоскопия).
6 Вирустардың индикациясы мен идентификациясында қолданылатын
реакциялар.
НЬЮКАСЛ АУРУЫ Ньюкасл ауруы (
Newcastle disease ) – тауықтардың тыныс алу
(пневмония), ас қорыту мүшелерінің және орталық жүйке жүйелерінің
(энцефалит) зақымдалуымен, ішкі мүшелерде көптеген нүктелі қан
құйылулармен сипатталатын, аса жұғымтал вирустық індет.
Ауру қоздырғышы РНҚ-лы бар вирустар тобына,
Paramyxoviridae тұқымдастығына,
Rubulavirus туысына жатады. Ньюкасл ауруын ең
алғаш Кранвельд 1927 жылы Ява аралында анықтап, ол туралы жазған.
Вирион күрделі, пішіні полиморфты – көбінесе сфера тәрізді, көлемі
120-180 нм болып келеді (86-сурет). Ньюкасл ауруы вирусының
патогенді
және
апатогенді
штамдарының
барлықтарының
құрамында 6 түрлі белоктар болады
және иммунологиялық қасиеттері
жағынан біртекті болып келеді.
Ньюкасл вирусы көгершін, тауық,
күрке тауық, теңіз шошқаларының,
ал кейбір штамдары ірі қара, қой
ешкі шошқа мен жылқы
эритроциттерін гемагглютинирлеуші
қасиетке иемденген.
Ньюкасл вирусының төзімділігі сыртқы орта жағдайларына
байланысты болады. Күн сәулесі қоздырғыш жұқпалылығын 3-4 сағатта
жойылғанымен, олардың гемагглютининдік қасиеті ұзақ сақталады.