Микробиологиялыќ зертхана



Pdf көрінісі
бет268/277
Дата12.03.2022
өлшемі6,39 Mb.
#135374
1   ...   264   265   266   267   268   269   270   271   ...   277
Байланысты:
сабақ түсіндірген бойынша

Клиникалық белгілері.
Тұмау вирусына шалдыққан құстарда
аурудың жасырын кезеңі 3 күннен 5 күнге дейін созылады. Ауру
респираторлы, ішекті, нервті және аралас формада өтеді. Аурудың
клиникалық белгілері әр түрлі: дене қызуы қатты жоғарлайды,
қысылады, азыққа тәбеті болмайды, шөлдейді, құстар тұмсықтарын
ашып, қиналып тыныс алғанда шиқылдаған, қырылдаған дыбыс
шығарады, мойындарын созып алады, ауызы мен мұрынынан сұйықтық
ағады, қауырсындары үрпиген болады, конъюнктивит, түшкіреді,
тұншығады, қозғалыс координациясы бұзылады, мойындарын 180ºС-қа
бұрап шалқайтады немесе бүгіп алады, бас аумағы ісінеді, тұмсығы мен
аяқтары гиперемияланады, тұмсығының мүйізді қабаттары жарылып,
қыртыстанған болады, айдарлары мен сырғалары көгеріп кетеді. Ауруға
шалдыққан тауықтардың жұмыртқалауы күрт төмендейді, құстардың 90-
100%-ы өлімге ұшырайды. Өлімге ұшыраған құстарда некроз байқалады
және мумияға айналады, шешек ауруындағыдай бөртпелер мен диарея
(іш өту) кездеседі. Құстардың саңғырығы көпіршіктенген, сұйық,
жасыл-сарғылт түсті, қан араласқан болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   264   265   266   267   268   269   270   271   ...   277




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет