диффузиялық преципитация реакциясында телімді антиденелермен
белсенді түрде байланысқа түсе алатын 4
белок фракцияларының
болатындығы анықталған (2007).
Тұмау вирусы құстардың саңғырықтарында, ұлпаларда және суда
бір жылға дейін сақталады. +56ºС температурада 3 сағат, ал +60ºС-де 30
минутта инактивацияланады. Сілтілердің,
қышқылдардың,
тотықтырғыштар мен құрамында йоды бар ерітінділердің әсерінен
зиянсыздандырылады.
Құс тұмауын балау
эпизоотологиялық деректерге, клиникалық
белгілеріне, патологоанатомиялық
өзгерістеріне, зертхана жағдайында
жұқтырылған 9-11 күндік тауық эмбриондарын
гемагглютинация мен
диффузиялық преципитация реакцияларының көмегі арқылы вирустың
А типін, тип тармақтарын растауға, вируленттілік
дәрежесін бағалау
үшін 4-8 күндік балапандарға жұқтыру арқылы анықтауға, вирустарды
бөліп алуға және оларды идентификациялауға негізделген.
Достарыңызбен бөлісу: