Патологоанатомиялық өзгерістері. Тұмау вирусына шалдыққан
құстар кенеттен өлген жағдайда патологоанатомиялық өзгерістердің
байқалмауы мүмкін. Құстардың айдары мен сырғалары қою-көк түсті,
кейде қара түсті некротикалық ошақтар мен бөртпелер болады. Нүктелі
қан құйылған конъюнктивит, геморрагиялық трахеит, катаральды-
геморрагиялық энтерит, нефрит (бүйрек өзектеріне зәр тұздары
жиналғандықтан) кездеседі. Көкірек қуысында, терісінде, кілегейлі
қабықшалары мен құрсақ майында петехиялар байқалады. Аналық
бездері қанталаған және дегенерацияланған, асқазан кілегей
қабықтарына қан құйылған, клоакасы мен терісі қабынған болады. Түйе
тауықтар мен қаздарда аталмыш өзгерістер нашар байқалады, ал ауру
үйректер вирусты сыртқы ортаға таратқанымен, оларда клиникалық
196
белгілері мен патологоанатомиялық өзгерістері мүлде байқалмауы
мүмкін.