Микробиологиялыќ зертхана



Pdf көрінісі
бет270/277
Дата12.03.2022
өлшемі6,39 Mb.
#135374
1   ...   266   267   268   269   270   271   272   273   ...   277
Байланысты:
сабақ түсіндірген бойынша

Дифференциалдық балауы.
 
Құстардың тұмау вирусын
пастереллезден, Ньюкасл ауруынан, жұқпалы ларинготрахеиттен,
жұқпалы бронхиттен, респираторлы микоплазмоз бен гемофилезден
ажырату қажет.
Зертханалық балауы.
Зерттеуге қажетті материал ретінде
жаңадан өлген немесе өлтірілген құстарды, клоака шайындысын, бас
миын, өкпесін, көк бауырын, трахеясын, ішектерін алып, сұйық азотта
қатырып, зертханаға жөнелтеді. Сонымен қатар, күдікті құстардың қан
сарысулары да алынады. 
Вирустарды өсіру
. Құс тұмауының вирусы тауық эмбриондарында
жақсы өседі. Вирустардың көп мөлшерде жиналуы олардың
вируленттілігіне және онда адаптациялануына байланысты болып
келеді. Тұмау вирусының барлық штамдары бірінші пассаждан кейін 26-
36 сағаттан соң эмбриондарды өлімге ұшыратып, олардың
вируленттілігі арта түседі. Вирустың кейбір штамдарын тауық эмбрионы
фибробласттарынан алынған жасуша өсінділерінде, маймыл бүйрегінен
алынған алғашқы-трипсинделген жасуша өсінділерінде, басқаларын
диплоидты және тұрақты жасуша өсінділерінде де өсіруге болады. 
Ибраев Н.Е., Боровиков С.Н. және басқалар құс тұмауы вирусының
А типінің H5N1 штамынан белокты антиген алу үшін ауру құстардың
трахеальдық және клоака жағындыларынан дайындалған 10%-ды
суспензияға антибиотик қосып 9-11 күндік тауық эмбриондарының
аллантоис қуысына енгізгеннен кейін +35-37ºС-ге реттелген,
ылғалдылығы 56-57%-ды құрайтын термостатта 4-7 тәулік бойы өсірген.
Инкубациялау уақыты аяқталғаннан кейін тауық эмбриондарын
салқындатып (+4ºС), аллантоис сұйықтығының гемагглютинирлеуші
белсенділігін гемагглютинация реакциясымен анықтаған. Белсенділік
көрсеткен вирустарды инактивациялау үшін эмбриондардың аллантоис
сұйықтығына β-пропилактон қостық. Зерттеуге алынған материалдың
құрамындағы белоктың концентрациялары 8 мг/мл-ді құраған.
Биосынама.
Зерттеуге алынған суспензияны 4-8 апталық тауық
балапандарының тері астына, бұлшық етіне, миына немесе
конъюнктивасына жұқтырады. Әдетте жұқтырылған балапандар,
қоздырғыштың дозасына және вируленттілігіне байланысты 36-72
сағаттан кейін өлімге ұшырайды.
Цитоскопия.
Бұл әдіспен тексеру үшін құстардың жоғарғы тыныс
жолдарының кілегейлі қабықшалары және органдарының ұлпаларынан
дайындалған жағындыларды пайдаланады. Препараттарды кептіргеннен
кейін Романовский, Пигаревский, Быковский әдістерімен бояйды.
Тұмауға шалдыққан құстардың ұлпаларынан дайындалып, Быковский
және Пигаревский тәсілдерімен боялған жағындыларында жасуша
цитоплазмасынан ашық-қызыл түсті денешіктер байқалады. Ал
Романовский әдісімен боялған препаратта денешіктер күлгін түсті
197


болып көрінеді. Жасуша ішілік денешіктер тек цилиндірлі эпителилерде
ғана емес, сонымен қатар макрофагтардың, лейкоциттер мен жалпақ
эпителидің цитоплазмаларында да байқалады. Кейінгі кезде мұндай
зерттеулер люминесцентті микроскоптың көмегімен жүргізілуде.
Вирустардың индикациясы мен идентификациясында
гемагглютинация, гемагглютинацияны тежеу, жанама иммунды
флуоресценция, комплементті байланыстыру, вирустарды бейтараптау
реакциялары, иммунды ферменттік талдау мен полимеразалы-тізбекті
реакция қолданылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   266   267   268   269   270   271   272   273   ...   277




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет