Микробиологиялыќ зертхана



Pdf көрінісі
бет273/277
Дата12.03.2022
өлшемі6,39 Mb.
#135374
1   ...   269   270   271   272   273   274   275   276   277
Байланысты:
сабақ түсіндірген бойынша

Клиникалық белгілері.
Вирустың организмге ену жолына,
құстардың жасы мен күтіміне байланысты ауру ағымы инкубациялық
кезеңі 2 күннен 15 күнге дейін созылады. Вирус организмге алғаш
енгенде жіті (кей жағдайда жітілеу және созылмалы), типтік және
атиптік формада өтеді. Аурудың ошағы жылдың кез келген мерзімінде
шығуы мүмкін. 
Аурудың жіті ағымында
құстардың дене қызуы 43-44ºС-ге дейін
көтеріледі, қысылады, азыққа тәбеті болмайды, мойынын созып,
тұмсығын ашып тыныс алады, тыныс жолдарының экссудатқа толуынан
құстарға тән шаңқылдаған, әлсіз шиқылдаған дыбыс шығарады, сырыл
пайда болады, тыныс жолдарында жиналған экссудатты шығаруға
тырысып түшкіреді. Ауруға шалдыққан құстардың 40-70%-ында
жемсауының ұлғаюы байқалады, ауыз қуысынан жағымсыз иісі бар
сұйықтық ағады. нәжісі сұйық, кілегей, қан және өт араласқан болады.
Орталық жүйке жүйесінің зақымдануынан бастары қалтылдайды,
мойындарын бұрап, басын біресе арқасына біресе бауырына апарады,
қанаттары мен аяқтары салданады. Аурудың бастапқы 4-5-ші күндері
балапандардың өлімге ұшырауы 100%-ға жетеді. Ересек тауықтардың
ауру белгілері кештеу байқалып, жұмыртқалауы 50%-ға дейін төмендеп
кетеді, жүйкесі зақымдалады, ұйқышылдық тартып тұрады, бұлшық
еттері дірілдейді, көпіршікті қан араласқан жасылтым түсті іші өтеді.
Қанаттары мен аяқтарының салдануы, кератоконъюнктивит байқалып,
құстардың 90-100%-ының өлімге ұшырауы мүмкін.
Аурудың типтік (кәдімгі) формасы
көбінесе вакцина егілгеннен
кейінгі иммунитет қалыптаса қоймаған кезеңдегі 20-30 күндік
балапандарға тән.
Атипті формада
ауруға тән клиникалық белгілер байқалмайды
немесе ауру ағымы жеңіл түрде өтеді. Ол негізінде тауық ағзасына енген
вирус уыттылығының әлсіз болуынан, иммундық қорғаныс қабілетінің
күштілігінен немесе биологиялық дәрі-дәрмектердің әсерінен болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   269   270   271   272   273   274   275   276   277




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет