керекті барлық жабдықтардың болуы тиіс (мұздатқыш, дистиллятор,
таразылар, центрифуга, микроскоп және т.б.).
Бокс бөлмесі –
стерильді жағдайда микроорганизмдер өсінділерін
себу және қайта себу, сонымен қатар,
кейбір ғылыми-зерттеу
жұмыстарын жүргізуде қолданылатын бөлме. Бокстың жылжымалы есігі
бар тамбуры болады. Бокстың терезесі сыртқы ортадан ауа кірмейтіндей
әйнектеліп, қабырғалары плиткамен қапталады немесе майлы бояумен
сырланады. Еденіне линолеум төселеді. Боксты натрий
гидрокарбонатын (2-3%-ды ас содасы), 3-5%-ды карбол қышқылы және
басқа да дезинфекциялағыш заттардың ерітінділерімен ылғалдандырып,
жуып тұрады. Бөлмені толқын ұзындығы 254 нм ультракүлгін
сәулелерін тарататын бактерицидті лампалармен (БУВ-15, БУВ-30, т.б.)
30 минуттан бірнеше сағат аралығында стерильдейді. Бактерицидтік
лампа іске қосылып тұрған уақытта бөлмеге кірмеген дұрыс, өйткені
ультракүлгін сәулелері көздің қасаң қабығын қабындырады.
Виварий –
ақ тышқандарды, ақ егеуқұйрықтарды, теңіз
шошқаларын, үй қояндарын және басқа
зертханалық жануарларды
күтуге арналған бөлме. Жануарлар ғылыми-зерттеу жұмыстарында және
сабақ өткізу үшін қолданылады.
Достарыңызбен бөлісу: