жолақтарының иммобилизацияланған тест аймақтарында, яғни боялған
антиденелердің айналасында антиденелер жиналып, анық боялған
жолақтар пайда болады. Ал боялған бос антиденелер жолақ бойымен
ары қарай жылжып, бақылау аймағында екіншілік антиденелермен
байланысқа түсіп, екінші боялған бақылау жолағы пайда болады.
Зерттеуге алынған субстратта антигеннің болу-болмауына қарамастан
(талдау дұрыс жүргізілген жағдайда) әрдайым бақылау аймағында өзара
байланысу (боялған жолақ) болуы қажет. Зерттеу нәтижесін 5-10 минут
аралығында көзбен көру арқылы анықтауға болады. ИХТ – тесттерде
антиденелердің үш типі қолданылатын болады:
Өте аз концентрацияда да анықтауға мүмкіндік беретін, коллоидты
алтын бояуымен конъюгацияланған (таңбаланған), зерттелетін антигенге
телімді жылжымалы моноклоналды антиденелер.
Жолақтың тест-аймағында иммобилизацияланған, зерттелетін
антигенге телімді поликлоналды антиденелер.
Тест-жолақтының бақылау аймағында иммобилизацияланған
моноклоналды антиденелерге қарсы екіншілік антиденелер.
Достарыңызбен бөлісу: