Ферментативтік (биохимиялық) қасиеттері.
Str. pneumoniae
глюкоза, лактоза, сахароза, салицин, инулин және мальтозаны
ыдыратады. Желатинді сұйылтпайды, индолды түзбейді, сүтті ұйытады.
Патогенді пневмококкалар өт және өт қышқылы тұздарының әсерінен
талқандалады. Басқа стрептококкалар инулинді ыдыратпайды және өттің
әсеріне төзімді келеді.
Str. pneumoniae
-ның
патогенділігі
ақ тышқандардың құрсақ
қуысына миллион есе сұйылтылған (1:1000000) сорпадағы өсіндісінің
0,5 мл-ін енгізу арқылы анықталады. Жұқтырылған жануарлар 2-3
күннен соң өледі.
Достарыңызбен бөлісу: