Биологиялық сынау. Өсіндінің патогенділігі теңіз шошқаларының
бұлшық етіне егу арқылы анықталады. Жұқтырылған жануарлар 24-96
сағаттан кейін өледі.
СІРЕСПЕ ҚОЗДЫРҒЫШЫ –
Clostridium tetani топырақта, суда,
қида, нәжісте, кең таралған. Ол жануарлар мен адамдарды өзінің
тіршілік өнімдерімен уландыратын ауру.
Патологиялық материал. Зерттеуге жіберілген жарақат
экссудаттарынан Пастер түтікшесінің көмегімен Кит-Тароций ортасына
себінді жасайды. 5-7 күннен кейін пайда болған аралас өсінділер
асбестті сүзгіш пластиналармен сүзіп, оны ақ тышқандар мен теңіз
шошқаларының тері астына жұқтырады. Жұқтырылған материал
құрамында сіреспе токсиндері болған жағдайда нақты клиникалық
160