Микробиологиялыќ зертхана



Pdf көрінісі
бет261/277
Дата12.03.2022
өлшемі6,39 Mb.
#135374
1   ...   257   258   259   260   261   262   263   264   ...   277
Байланысты:
сабақ түсіндірген бойынша

Дифференциалдық балауы.
Шошқалардың африкалық обасын
шошқаның классикалық обасынан, шошқа тілмесінен, пастереллезден,
сальмонеллезден, сібір жарасынан және кез келген уланудан ажырату
қажет. Шошқалардың африкалық обасын классикалық обадан ажырату
үшін міндетті түрде вирус жұқтырылған шошқаның лейкоцитарлық
өсінділерін гемадсорбция реакциясымен зерттейді. Себебі, классикалық
обада вирустар гемадсорбцияланбайды, ал африкалық оба вирусы
гемадсорбцияланады. 
Зертханалық балауы.
Зерттеуге қажетті материал ретінде
шошқалардың дене қызуының алғашқы көтерілуі кезінде алынған қан
үлгілері (1:10 қатынасында гепарин қосылған), көк бауыр, бүйрек,
лимфа бездері мен ауру және сауығып келе жатқан жануарлардың қан
сарысулары алынады. Патологиялық материалдар +4ºС-де сақталады. 
Вирустарды өсіру
. Шошқалардың африкалық оба вирусын бөліп
алу үшін шошқа моноциттерінен, жілік майы жасушаларынан алынған
алғашқы жасуша өсінділері қолданылады. Вируспен зақымдалған
жасушалар сопақша келіп, көлемі ұлғаяды, сосын көп ядролы
жасушалар пайда болады. Сонымен қатар вирустарды тауық
эмбриондарында және 3-4 айлық торайлардың, қозылардың және
қояндардың организмінде өсіруге болады.
Биосынама
 
АӨК мемлекеттік инспекциясы Комитетінің
рұқсатымен 2-4 айлық торайларға қойылады. Егер вирус жұқтырылған
жануарлар ауруға шалдықса немесе өлімге ұшыраса, бұл індеттің
балауы деп есептеледі.
Вирустардың индикациясы мен идентификациясы.
Вирустардың
индикациясында жасуша өсінділерін гемадсорбциялау реакциясы,
идентификациясында иммунды флуоресценция, комплементті
байланыстыру, диффузиялық преципитация реакциялары және иммунды
ферменттік талдау әдістері қолданылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   257   258   259   260   261   262   263   264   ...   277




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет