Микробиологиялыќ зертхана



Pdf көрінісі
бет263/277
Дата12.03.2022
өлшемі6,39 Mb.
#135374
1   ...   259   260   261   262   263   264   265   266   ...   277
Байланысты:
сабақ түсіндірген бойынша

Клиникалық белгілері.
Аурудың жасырын кезеңі 2 күннен 14
күнге дейін созылады, ал вирустардың вируленттілігі мен шошқалардың
бұл індетке сезімталдылығына қарай бұл көрсеткіштің мерзімі 3 аптаға
дейін созылуы мүмкін.
Ауру жіті, жітілеу, созылмалы және сирек
жағдайда аса жіті ағымда өтеді. 
Аса жіті ағымында
шошқалардың дене қызуы 41ºС-ге дейін
көтеріледі, жүрек соғуы мен тыныс алуы жиілейді, құсады, терісінде
қызыл дақтар пайда болады, жануарлар тез әлсіреп, 1-2 күнде өледі.
Індеттің бұл түрі иммунделмеген жас шошқаларда жиі кездеседі.
Аурудың жіті ағымы
негізінен індет жаңадан басталған кезде
байқалады. Мұндағы инфекцияның басты белгілерінің бірі дене
қызуының тұрақты түрде жоғары болуы (40-41ºС). Жануарлардың
жалпы күйі нашарлап, әлсірейді, 2-3 күннен соң құсады, бастапқыда іші
қатады, кейіннен қан аралас іші өтеді, көздің қасаң қабығы мен
танаудың кілегейлі қабығы қабынады, көзінен кілегейлі-іріңді экссудат,
ал мұрынынан қан ағады. Буаз мегежіндер іш тастайды.
Ауру шошқалар
жата береді, белдері бүкірейіп, жүргенде аяқтарын дұрыс баспай,
шайқалады. Санның ішкі бетінің, мойынының, құлақ түбі мен құрсақ
191


терісінде сарғыш, сұйыққа толы күлдіреуіктер пайда болып, кейіннен
оған қан құйылып қою қызыл дақтарға айналады. Кейіннен аяқтың,
іштің, құлақтың терісі көгереді. Ауру шошқалардың қанында
лейкопения байқалады, орталық жүйке жүйесі зақымдалып, дене қызуы
35-36ºС-қа төмендеп, 7-10 күндері өлімге ұшырайды
.
Аурудың бұл
ағымында шошқа төлдерінің өлімі 100%-ға жетеді

Жітілеу ағымы
2-3 аптаға созылып, негізінен тыныс алу (кеуде
түрі) және азық қорыту (ішек түрі) жүйелері зақымдалады. Өкпе
зақымдалған жағдайда қрупозды қабыну өрбиді, шошқа қиналып тыныс
алады, жөтеледі, кеудесін басқанда ауырсынады. Аурудың ішек түрінде
тоқ ішек кілегейлі қабатының крупозды-дифтериялық қабынуы
байқалады, іші өтеді, дене қызуы мезгіл-мезгіл көтеріледі, жануарлар
арықтайды, әлсірейді, әзер қозғалады, көбіне бір орында жатып,
шошқаның өлуімен аяқталады. Аман қалған шошқалардың іші өтуі
тоқтап, бірте-бірте сауыға бастайды, бірақ олар 10 айға дейін вирус алып
жүруші болады. 
Аурудың созылмалы ағымы
екі айға немесе одан да ұзақ уақытқа
созылады. Бұл кезде шошқалардың оқтын-оқтын іші өтеді, мезгіл-мезгіл
қызуы көтеріледі, жөтеледі, арықтайды, терісі қыртыстанып,
қабыршықтанады. Кейде құлақтары мен құйрығының ұштары өлі
еттенеді. Мұндай жануарлар толық сауықпай, бірнеше айлар бойы вирус
алып жүруші болып, айналасындағы сау малдарға қауіп төндіреді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   259   260   261   262   263   264   265   266   ...   277




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет