Ауру қоздырғышы
РНҚ-лы бар вирустар тобына,
Flaviviridae
тұқымдастығының
Pestivirus
туысына жатады. Вирус құрамында 3-4
құрылымды белоктары бар, көлемі 40-60 нм болады. Вируленттілігі
жағынан қоздырғыштың А, В және С варианттары анықталған. А
тобының вирулентті штамы барлық жастағы шошқаларды, В тобына
жататындары тек торайларға вирулентті, ал ересек шошқаларды атипті
немесе созылмалы оба ауруын шалдықтырады. Ал
С тобына
вируленттілігі төмен америкалық 331 штамы жатады. Бұл ауруға
шалдыққан жануарлардың организмінде вирусты бейтараптаушы және
комплементті байланыстырушы антиденелер түзіледі.
Бұл вирусты 1908
жылы алғаш рет Швейнитц пен Дорсе анықтаған.
Қоршаған ортада шошқалардың классикалық оба вирусы ұзақ
уақыт
сақталады, әсіресе қыс мезгілінде. Лиофилизацияланған вирус
жақсы сақталады. Вирус топырақта 1-2 аптаға, өлексе мен көңде 3-5
күнге дейін белсенділігін жоймайды. –5ºС-де тұрған қанның құрамында
6 ай, салқындатылған етте 2-4 ай, мұздатылған етте бірнеше жыл,
тұздалған етте 10 ай, ысталған етте 3 ай бойы сақталады. Вирус +60ºС-де
10 минутта, ал қайнатқанда сол сәтте инактивацияланады.
Тиімді дезинфекциялық препараттар ретінде күйдіргіш натрийдің 2-
3%-ды
ерітіндісі, формальдегидтің 2,5%-ды ерітіндісі, 15-20%-ды
хлорлы әк қолданылады. Бұл дезинфектанттар вирустарды 1 сағат
аралығында жояды.
Шошқалардың классикалық обасын балау эпизоотологиялық
деректерге,
клиникалық белгілеріне, патологоанатомиялық
өзгерістеріне, вирустарды бөліп алуға,
гистологиялық зерттеулерге,
торайлар мен иммунделмеген шошқаларға биосынама қоюға және
серологиялық реакциялармен анықтауға негізделген.
Достарыңызбен бөлісу: