Ет-пептонды сорпа (ЕПС). Ет суына 1 % пептон мен 0,5 % натрий
хлоридін қосады. Ет суын пептонның толық ерігеніне дейін араластыра
отыра қайнатып, оның рН мөлшерін потенциометрдің көмегімен
анықтайды. Қоректік ортаның рН-ын 10% натрий сілтісінің ерітіндісі
немесе натрий гидрокарбонатының (ас содасының) қаныққан
ерітіндісімен 7,4-7,6-ға жеткізеді. Сілтіні сорпаға қосқаннан кейін, оны
тағы да 5-10 минут қайнатады. Сонан соң сорпаны дистилденген сумен
дымқылданған сүзгіш қағаздан өткізеді. Ет-пептонды сорпаны шыны
түтіктерге құйып, 120°С температурада 20 минут бойы стерильдейді.