Микробиологиялыќ зертхана



Pdf көрінісі
бет42/277
Дата12.03.2022
өлшемі6,39 Mb.
#135374
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   277
Байланысты:
сабақ түсіндірген бойынша

Бақылау сұрақтары:
 
1 «Стерилизация» және «дезинфекция»
туралы түсінік. 2 Стерильдеу тәсілдері. 3 Ыстық бумен, қыздырылған
құрғақ ауамен және дробты стерильдеудің маңызы. 4 Пастерлеу әдісі.
5 Бактериологиялық сүзгілермен сүзу техникасы, сүзу нәтижелерін
тексеру.
ҚОРЕКТІК ОРТАЛАРДА МИКРООРГАНИЗМДЕРДІ ӨСІРУ
ТӘСІЛДЕРІ МЕН ТЕХНИКАСЫ
Микроорганизмдерді қоректік орталарға себу мен қайта себу
тәсілдері.
Қоректік орталар микробтарды өсіру үшін қолданылады.
Патологиялық материалдарды немесе микроб өсінділерін қоректік
орталарға микробиологиялық ілмектер мен инелердің немесе пастер
түтікшесінің көмегімен себеді. Қолданар алдында түтікшелер бу
стерилизаторларында стерильденеді. Олардың жіңішке ұшы
дәнекерленген болуы керек. Түтікшенің екінші ұшында мақтаның
кішкене кесегі болады. Ол материалды ауызбен сорып алу кезінде
зерттеушінің ауыз қуысына микробтардың өтуіне кедергі болады.
Түтікшелерді арнайы сауыттарға салып немесе оралған түрінде
стерильдейді де, сол күйінде сақтайды. Қағазды түтікшелердің
дәнекерленген жағынан ашады.
Себу техникасы.
14-суретте көрсетілгендей ілмекті немесе
түтікшені оң қолда, ал шыны түтікті сол қолда ұстайды. Тығынды оң
қолдың шынашағымен ұстап, себетін материалды ілмек немесе
түтікшенің көмегімен шыны түтіктен шығарады. Ілмекті стерильді
қоректік орта құйылған шыны түтіктің ішіне енгізеді. 
Қиғаш қатырылған тығыз қоректік ортаға
материалды ирек
қозғалыспен таратады. Бір шыны түтіктен екінші шыны түтікке себер
кезінде ілмекті қайта қыздырып алғаннан кейін шыны түтіктің ішінде
суытады, сонан соң микроб өсіндісінен үлгіні алып, ілмекті сыртқа
шығарады. Ілмектегі микробтардың массасын жалынның әсерінен
сақтау қажет. Егер ілмек вольфрам сымынан немесе басқа баяу
суытылатын материалдардан жасалса, онда ең әуелі ілмекті стерильді
қоректік ортаға тигізіп, сонан соң ғана микроб өсіндісін алу керек.
Ілмектегі қоректік ортаның жұқа қабаты, тек оны суытып қана
қоймайды, сонымен қатар микробтар жасушаларының зақымдалуының
да алдын алады. 
Шыны түтіктердегі
тік қатырылған ЕПА-ға
шаншу арқылы
микробтарды себу үшін микробиологиялық ине қолданылады. Ол
қоректік ортаға ешқандай кедергісіз өтуге тиісті. 
Микроорганизмдер қоректік ортада иненің шаншу жолында өседі.
Микробтарды
ЕПС-на
себу үшін ілмекті шыны түтіктің түбіне дейін
түсіреді де, ирек қозғалыспен ілмекті сыртқа алып шығады. Пастер
түтікшесімен сұйық материалды немесе сұйық ортада өсірілген
микроорганизмдерді алуға болады.
34




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   277




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет