Бақылау сұрақтары:
1 Қоректік орталардың түрлері мен олардың
компоненттері. 2 Қоректік орта компоненттерін алу жолдары. 3 Кит-
Тароций ортасын қандай микроорганизмдерді өсіруде қолданады?
СТЕРИЛИЗАЦИЯ
Стерилизация (
лат.
sterilis
– ұрықсыздандыру, тұқымсыздандыру)
– материалдардағы патогенді және патогенді емес микроорганизмдерді,
олардың формаларын (споралары, капсулалары) өлтіреді.
Бактериологиялық зертханада қоректік орталарды, шыны ыдыстарды,
саймандарды, тығындарды және т.б. стерильдейді. Асептикалық
жұмыстарды жүргізуге жағдай жасау үшін бокс бөлмелері мен қажетті
заттарды стерильдейді. Стерилизацияда физикалық және химиялық
әдістерді қолданады. Олардың механизмдік әсері әр түрлі болғандықтан,
екі негізгі талаптар: стерильдеуге алынған материалдардың физикалық-
химиялық қасиеттерінің сақталуы және толық залалсыздануы керек.
Физикалық әдіске
1) ыстық құрғақ ауамен стерильдеу (жалында
күйдіру, қыздырылған құрғақ ауамен), 2) ылғалды ыстық ауамен
(қайнату, 100°С ыстық бумен, 100°С-тан төменгі температурада дробты
стерильдеу, 100°С-тан жоғарғы температурадағы қысыммен, пастерлеу),
3) сүзу арқылы, ультракүлгін лампалармен, ультрадыбыспен стерильдеу
жатады.
Достарыңызбен бөлісу: |