Зең саңырауқұлақтарды – 4-6°Б, ашытқыларды – 6-8°Б, сүт
қышқылды микробтарды – 8-12°Б мөлшерінде
қанттары бар ортада
өсіреді.
Агар және желатин қосылған орталарды мақтасы бар дәкемен сүзу
арқылы немесе тауық жұмыртқасының белогы көмегімен мөлдір етуге
болады. Сарысынан ажыратылған жұмыртқаның белогын сол
мөлшердегі
сумен араластырып, көбіктің пайда болуына дейін
араластырады. Көпіршіктенген белокты балқытып 50°С-ге дейін
суытылған
ортаға қосып, жақсылап араластырғаннан кейін қайнап
жатқан су моншасында бір сағат бойы қыздырады. Белок ұйып, қоректік
ортадағы қалқып жүрген бөлшектері өзіне тартып алады. Орта
сүзілгеннен кейін мөлдірленеді.
Қоректік ортаның жоғарғы бөлігінің мөлдіреуі сонымен қатар баяу
салқындату кезінде де байқалады. Бұл үшін
қоректік ортаны
стерильдегеннен соң оны бу стерилизаторының ішінде 10-12 сағатқа
қалдырады. Қоректік орта тығыздалғанға дейін қалқып жүрген
бөлшектер шыны түтіктердің немесе шыны ыдыстардың түбіне шөгеді.
Достарыңызбен бөлісу: