Шекті талдау
Функционалды талдау
Экономикалық-математикалық модельдеу
Ресурстардың шектеулігі проблемасы қазіргі таңда ең өзекті мәселелердің бірі
Ресурстардың шектеулілігі дегеніміз – барлық экономикалық қажеттіліктерді бір мезетте қанағаттандыру мүмкін еместігінің көрсеткіші
3. Ресустардың шектеулігі мен таңдаудың альтернативтілігі мәселелері.
Таңдау мәселесі: Таңдау мәселесі:
баламалы (альтернативті) шығындар дегеніміз – жіберіп алған немесе қолданыла алмаған мүмкіндіктер шығындары, бір өнімді өндіру барысында құрбан болған және таңдауға ие болмаған балама нұсқалардың сол өнімді өндірудің құнымен өлшенген шығындары.
өндірістік мүмкіндіктер қисығы
Енді баламалы (альтернативті) шығындарды график арқылы, яғни өндірістік мүмкіндіктер қисығы арқылы көрсетуге болады. Бұл қисық – екі секторлы экономикалық модель. Берілген өндірістік ресурстар қорын және белгілі деңгейдегі технологияны пайдаланып, осы ресурстан дайын өнім өндіргенде бір ғана баламалы игіліктің өндірісін кеңейтуге болады, бірақ осы уақытта басқа игіліктің өндірісі азаяды. Және де бұл кезде ресурстардың өндірістік құрылымдарының баламалы мүмкіндіктері өте көп болады.
Өндірістік мүмкіндіктер
Өндірістік мүмкіндіктер дегеніміз – технологиялық дамудың белгілі бір деңгейінде қолдағы бар ресурстардың барлығын аса толық және тиімді пайдалана отырып экономикалық игіліктерді өндірудегі қоғамның мүмкіндіктері
өндірістік мүмкіндіктер қисығы А нүктесінде – ресурстардың барлығы тұтыну заттарын өндіруге жұмсалады. Е нүктесінде – ресурстардың барлығы инвестициялық тауарларды өндіруге жұмсалады. D нүктесі – тиімсіз өндірісті білдіреді. N нүктесі – мүмкін емес өндірісті сипаттайды. А, В, С, Е нүктелерінен өтетін қисықты біз өндірістік мүмкіндіктер қисығы.
http://engime.org
Достарыңызбен бөлісу: |