Микроэкономика


 МОНОПОЛИЯ ЖӘНЕ МОНОПСОНИЯ



Pdf көрінісі
бет56/97
Дата06.04.2022
өлшемі3,68 Mb.
#138080
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   97
Байланысты:
Koshebaeva (1)

МОНОПОЛИЯ ЖӘНЕ МОНОПСОНИЯ. 
НАРЫҚ БИЛІГІ 
 
9.1 Монополияиың негізгі моделі 
 
Монополия - бұл аналогтары жоқ ӛнімдердің немесе 
кӛрсетілетін қызметтердің жалғыз ӛндірушісі болып табылатын 
бір фирмадан тұратын сала. Сатып алушыларда таңдау мүмкіндігі 
болмайды, баламалар жоқ және олар монополист ұсынатын баға 
бойынша аталған ӛнімдерді сатып алады. Таза монополист 
бағаны ұсынады, ӛйткені ол саладағы ұсынысты бақылайды. Бұл 
ретте салада бағаны, сондай-ақ ӛндіріс кӛлемін де таңдау 
мүмкіндігі болады. 
Монопсония - бұл ӛнімді жалғыз сатып алушымен 
сипатталатын нарық құрылымы. 
Монополиялық билік кӛздеріне мыналар енуі мүмкін: 
1).
ӛндірушіге кызметтің белгілі бір түрін жүргізуге берілген 
айрықша кұқық; 
2).
ресурстарды бақылау; 
3).
ӛндіріс масштабының тиімділігі, егep масштабтан болатын 
үнемділік барлық ұзақ мерзімді нарық тепе-теңдігін қамтамасыз 
етуге дейін ӛндірісті кеңейту тығыз тұрақты ӛсетін болса; 
4).
тұтынушылардың тұрақты басымдықтары. 
Монополиялық 
билік 
кӛздерін 
пайдалана 
отырып, 
монополияның келесі түрлерін атап кӛрсетеді: 
1)
жабық монополия - ол бәсекеден заңды шектеулермен 
қорғалған; 
2)
табиғи монополия - бір фирма ӛнімдерінің кез келген 
кӛлемін ӛндіру, оны екі немесе одан кӛп фирмалардың ӛндіруіне 
қарағанда арзанырақ болатын сала; 
3)
ашық монополия - фирма бәсекеден ешқандай қорғанбай-
ақ, тауардың жалғыз жеткізушісі болатын жағдай. 
Монополиялық билік кӛздеріне сәйкес жан жақты жіктеу 9.1-
суретте берілген. 
Монополия үстемдік жасайтын нарық стандартталған 
тауарларды сатуды ұсынатын кӛптеген бәсекелестері болатын 
бәсекелес нарыққа толықтай қарама- қарсылықты білдіреді. 


92 
Ашық монополия белгілі бір уақытта қолданылуы мүмкін, 
яғни ол әрдайым уақытша сипатта болады. Оған қарағанда жабық 
және табиғи монополияның ұзақ мерзімді сипаты болады. Бұдан 
басқа кӛбінесе табиғи монополия, оның қызметін реттейтін 
мемлекеттің қамқорлығында болады. 
9.1-сурет - Монополиялардың монополиялық билік кӛздеріне 
байланысты жіктелуі 


93 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   97




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет