Микроэкономика


 Жетілген бәсекелес салалардың ұсынысы



Pdf көрінісі
бет55/97
Дата06.04.2022
өлшемі3,68 Mb.
#138080
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   97
Байланысты:
Koshebaeva (1)

8.4 Жетілген бәсекелес салалардың ұсынысы 
 
Салалық (нарықтық) ұсыныс саланың барлық фирмаларымен 
жүзеге асырылатын шығару кӛлемін білдіреді, осылайша, 
ұсыныстың ұзақ мерзімді қисығы - бұл фирманың салалық кіру 
және шығу эффектілерін немесе бәсекелес салалардың 8.7-
суретте кӛрініп тұрған ұсыныс сызығын құрайтын, мүмкін 
болатын ұзақ мерзімді тепе-теңдіктің барлық нүктелерінің 
қосылуы зффектілерін ескерген ұсыныс қисығы. 
8.7-сурет – Жетілген бәсекелес фирма ұсынысының ұзақ 
мерзімді қисығы


88 
Ұзақ мерзімді кезеңдегі салалардың ұсыныс қисығының 
конфигурациясы салалық шығарудың ӛзгерістерінің нәтижесінде 
типті фирмалардың орташа шығындарының орташа ұзақ мерзімді 
қисығының орналасуы ӛзгере ме, ӛзгерсе қалай ӛзгеретіндігіне де 
байланысты болады. Салалардың ӛзгермейтін, ӛсетін және 
кемімелі шығындары бар үш типі ерекшеленеді. 
Ӛзгермейтін орташа шығындармен саланың ұзақ мерзімді 
тепе-теңдігін зерттейміз. Ӛнім бағасы қысқа мерзімді кезеңдегі 
нарық сұранысының қисығына оң жаққа ығысу нәтижесінде 
ұлғаяды деп санайық. Онда қысқа мерзім кезеңде саладағы 
ұсыныс кӛлемі де (ұсыныс заңы) ұлғаяды. Бұдан басқа, уақыт 
ағымымен салаға оң экономикалық пайда және жоғары бағамен 
тартылған жаңа фирмалар кіреді. Нәтижесінде ұсыныс қисығы оң 
жаққа ығысады, нарық бағасы тӛмендейді, ал салалық шығару 
ұлғаяды. Мұндай жағдайда салалық шығаруды ұлғайту 
фирманың ұзақ мерзімді орташа шығындарының қисығына 
ығысуға және ресурстардың бағасын ұлғайтуға әкелмейді, жаңа 
тепе-теңдік минимум ұзақ мерзімді шығындарға тең болатын 
ӛнімдердің бастапқы бағасы кезінде орнатылады. Осылайша, сала 
ӛзгермейтін орташа шығындармен ұзақ мерзімді кезеңде 
минимум ұзақ мерзімді орташа шығындар шамасына тең болатын 
ұсыныстың жалғыз бағасы болады. Саланың ұзак мерзімді 
қисығы бұл жағдайда горизонталь сызық түрінде болады ( 8.8- 
сурет). 
8.8-сурет -Тұрақты шығындары бар ұсыныстың ұзақ 
мерзімді қисығы 


89 
Ӛсетін орташа шығындары бар саланың ұзақ мерзімді тепе-
теңдігін зерттейміз. Бұл жағдайда ӛнімдердің бағасының ұлғаюы 
нарық сұранысының қысқа мерзімді қисығына оң жаққа 
ығысуына және салалық шығаруды ұлғайтуға әкеледі. Алайда 
осы жағдайда шығару ӛсімімен қатар ресурстарға деген баға да 
ӛсетін болады. Сондықтан орташа шығындардың ұзақ мерзімді 
қисығы типтік пішінде жоғары ығысады және жаңа нарықтық 
тепе-теңдік минимум ұзақ мерзімді орташа шығындар шамасына 
тең болатын неғұрлым жоғары баға кезінде орнатылады. 
Осылайша, сала ұсынысының қисығы ӛсетін орташа 
шығындармен ұзақ мерзімді кезеңде оң кӛлбеуде болады, яғни 
салалық шығаруды ұлғайту тек ӛнімдер бағасын ұлғайту кезінде 
ғана болады, бұл 8.9-суретте берілген. 
8.9-сурет - Ӛсетін шығындары бар ұсыныстың ұзақ мерзімді 
қисығы 
Кемімелі орташа шығындары бар сала жағдайында ӛнімдерге 
деген бағаның ӛсуі және сонымен байланысты салалық шығару 
ӛсімі пайдаланылатын ресурстар бағасының тӛмендеуін 
тудырады. Сондықтан ұзақ мерзімді кезеңде кемімелі орташа 
шығындары бар сала ұсынысының қисығы теріс кӛлбеуде 
болады, бұл 8.7-суретте берілген. [6] 


90 
Ӛзін-ӛзі тексеруге арналған сұрақтар: 
1)
Жетілген бәсекелестікте не жетілген? 
2)
Қысқа мерзімді кезеңде жетілген бәсеке - фирма 
ұсынысының қисығы нені білдіреді? 
3)
Белгілердің қайсысы ұзақ мерзімді салалық тепе-теңдікке 
қол жеткізгенін куәландырады? 
4)
Фирма жетілген бәсекелестік жағдайында қолданыстағы 
нарық бағаға бейімделуге мәжбүр болады, ал жетілмеген 
бәсекелестік жағдайында ол ӛзінің бағасын «ұсынатын» болады 
деген тұжырым дұрыс па? 
5)
Жетілген бәсекелестік кезінде ӛндірістің жабылу шартын 
атаңыз. 
6)
Жетілген бәсекелестік жағдайында фирма сұранысының 
қисығы шекті қисығымен және орташа түсіммен сәйкес келуі 
дұрыс па? 


91 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   97




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет