- сатушының ӛнімдерді сатып ала отырып, оны қайта сатуға
мүмкіндігі болмайды;
- сұранысы әр түрлі икемділікте болатын нарықта осы
ӛнімдердің барлық тұтынушыларына бӛлу мүмкіндігі болады.
Бір жағынан, бағада кемсітушілік монополист табысын
ұлғайтуға
мүмкіндік
береді,
ал
екінші
жағынан
—
тұтынушылардың үлкен бӛлігі аталған түрлердің кӛрсетілетін
қызметтерін пайдалану мүмкіндігіне ие болады. Баға белгілеу
саласындағы мұндай саясат екі жаққа да тиімді. Басқаша алғанда
кейбір елдерде бағада кемсітушілік салауатты бәсекеге кедергі
және монополиялық билікті күшейту деп қарастырады. Оның
жекелеген кӛріністері монополияға қарсы заңнамаға тура келеді
және фирмалардың монополистке әсер ету саласын шектейді.
Бағада кемсітушіліктің үш дәрежесі ерекшеленеді: