10 МОНОПОЛИСТІК БӘСЕКЕ ЖӘНЕ ОЛИГОПОЛИЯ 10.1 Қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді кезеңдегі монополистік бәсеке Монополистік бәсеке - бұл ол кезде фирмалардың
салыстырмалы кӛп саны ұқсас, алайда бірдей емес ӛнімдер
ұсынатын
нарықтық
құрылым... Монополистік бәсекені
нарықгың - таза монополия және жетілген бәсеке деген екі
типтерінің белгілері сәйкесетін нарық құрылымы деп санауға
болады. Нарықтың таза монополиямен ұқсастығы мынада
фирмалар ӛз ӛнімдеріне ӛздері бағаны бекітеді және ӛздерінің
нарықтық тәртіптерінде еркін. Нарықпен нақты бәсекелестікте
оларды
ӛнімді
ӛндірушілердің,
сондай-ақ,
ӛнімді
тұтынушылардың кӛптігі біріктіреді. Бұл нарықты мысалға киім,
аяк киім нарығы тұрмыстық қызмет кӛрсету кәсіпорыны
(химиялық тазалау, кір жуу, шаштараз және б.), автокӛліктерге
жанармай құю станциялары (АЖС), ТҚС және т.б. сияқты,
«дайын кӛйлек» нарығы деп атайды.
Монополистік бәсеке теориясы тӛмендегі негізгі ұғымдармен
негізделеді:
1)
сала сұранысының қисығына қарағанда, жекелеген
ӛндірушінің ӛнімдерге деген сұраныс қисығы неғұрлым
икемдірек. Бұл, ӛнімде ауыстырушы- тауарлардың болуымен
түсіндіріледі;
2)
салаға кіру еркін. Бұл жағдайда ұзақ мерзімді кезеңде осы
саланың барлық фирмаларының экономикалық пайдасы нольге
тең болады дегенді білдіреді.
3)
салаға кӛптеген фирмалар кіреді, сондықтан әрбір
ӛндіруші оның ӛзінің бағалық тәртібі үлкен топтарға
таратылатындай ғып әрекет жасайды.