Микроэкономика



Pdf көрінісі
бет68/97
Дата06.04.2022
өлшемі3,68 Mb.
#138080
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   97
Байланысты:
Koshebaeva (1)

10.2 Олигополиялық рынок 
Олигополия рыногы онда сатудағы маңызды нарықтық 
үлестері бар бірнеше бәсекелес ӛндірушілер жұмыс істейді, 
сондықтан жекелеген фирманың баға ӛзгерісі және шығару 
кӛлемі қарсыластың пайдасына әсер етуі мүмкін. (10.3-сурет). 
Осыған байланысты олигополиялық фирмалардың ӛндірістік 
шешімдері тек тұтынушылар реакциясынан ғана емес, сонымен 
қатар бәсекелестер реакциясынан да және олардың стратегиялық 
тәртібінен де байланысты болады. Олигополиялық рыноктың 
басты айырмашылығы: баға соншалықты жиі ӛзгермейді, ал егер 
ӛзгерсе, онда айтарлыктай шамада ӛзгереді. 
10.3-сурет - Олигополиялық рынок белгілері 
Басқа 
нарықтық 
құрылымдарға 
қарағанда 
әмбебап 
олигополия болмайды. Нақты жағдайларда олигополия тәртібін 
түсіндіретін, мысалы Курно дуополиясы және қарама-
қайшылықты мүдделері бар екі тұлға ойыны, нарықта, фирмада, 
картельде басым болып тұратын модель сияқты модельдер 
қатары әзірленген. Барлық модельдер олигополистік стратегия 
пайданың азаюына, ал сӛз байласу және ынтымақгастық пайданы 
кӛбейтеді деген фактіні дәлелдейді. Фирмалар пайда қуғанда, бір 


107 
жағынан, нарықты жаулап алу мақсатында бағаны тӛмендете 
отырып, қиян кескі қарсылықта (баға соғысы) болуы мүмкін. 
Орташа шығындардың деңгейіне дейін бір-бірін қысқарта 
отырып, ең ақырында, фирмалар нольдік экономикалық пайданы 
алады. Басқаша алғанда, фирмалар картельге ене отырып, нарық 
үлесі туралы келісім жасасу және бағаны арттыру жолымен 
ӛздерінің табыстарын максимум ұлғайта алады. Олигополиялық 
рынок мысалдары болып рыноктың келесі түрлері болуы мүмкін: 
автомобиль, компьютер, болат, алюминий және басқалары. 
Дуополия 
Экономистер олигополияның пайда болуы сәтінен бастап 
кӛптеген жылдар бойы бір фирманың басқа фирмаға реакциясын 
практикалық түрде негіздеуге тырысты. А.Курно екі фирманың 
ӛзара қатынасының статистикалық талдауын ұсынған. 
Бұл ретте Курно келесі алғы шарттарға сүйенді: 
1)
екі фирма да (А жэне В) біртектес ӛнімдерді ӛндіреді; 
2)
оларға нарық сұранысының қисығы белгілі; 
3)
ӛндіріс туралы шешімді бір мезгілде, бір-бірінен тәуелсіз 
және дербес түрде қабылдайды; 
4)
бәсекелестің ӛндірісінің кӛлемі және бағасы - шамасы 
тұрақты. 
Курно моделінде екі фирманың шығару және бағасы, егер 
әрбір дуополист оның бәсекелесі одан қаншалықты күтсе, 
соншалықты ӛндірсе, тек қана сол жағдайдағы тепе-теңдікке 
келеді. Нарықтың сұранысындағы күтпеген ӛзгерістерге 
шығарудың бейімделуі әрбір сатушының сезіну функциясын 
анықтайды. А. Курно бір фирманың басқа фирма тәртібіне деген 
реакциясының қисығын графикалық түрде бейнеледі және 
керісінше баға монополиялықтан бәсекелі бағаға дейінгі шегінде 
белгіленеді. Бір сатушының шығару кӛлемі басқа сатушының 
шығару ӛзгерісіне бейімделу процесі жалпы шығаруға және 
тұрақты тепе-теңдікке қорытындылайтын бағаға алып келеді. 
Курно дуополиясының графикалық шешімі 10.5-суретте берілген. 


108 
10.5-сурет - Дуополияны сезіну функциясы және Курно тепе-
теңдігі 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   97




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет