Фирманың стратегиялық тәртібі Олигополиялық рынокта жекелеген фирма максимум пайданы
алу үшін ұмтыла отырып, фирма тәртібіне әсер ететін негізгі
факторлар болып табылатын бәсекелестер тарапынан болатын
реакциямен санасуға мәжбүр. Келесі баға стратегиясы
ерекшеленеді: сұраныстың сынық сызығының теориясы;
«бағалардағы кӛшбасшылық» моделі; салаға енуді шектейтін баға
белгілеу; «шығындар плюс» принципі бойынша баға белгілеу;
картель келісімдері; баға соғысы; ойындар теориясы.
Сұраныстың сынық сызығының теориясы. Бұл теория
бірнеше сатушылары бар нарықта баға ӛзгермеушілігін
түсіндіреді. Бұл модельде сұраныс қисығы баға жоғарылауы
кезінде икемділікті және оның тӛмендеуі кезінде икемділіксіз.
Қарсыластар бағаны жоғарылату немесе тӛмендету жағындағы
баға ӛзгерісін әр түрлі қабылдайды, яғни фирмалар бағаның кез
келген ӛсімінің соңынан жүрмейді, бірақ бағаның кез келген
тӛмендеуін жарыса істейді. Нәтижесінде бағаның кез келген
ӛзгерісі нашар нәтижеге әкеледі, фирмаларда тауарлар және
кӛрсетілетін қызметтерге деген бағаны ӛзгертуге ынта жоқ және
бұл бағаның салыстырмалы тұрақтылығын қамтамасыз етеді.