Салаға енуді шектейтін баға белгілеу. Баға белгілеудің бұл
әдіс кезінде рынокта ол кезде жаңа ендірушілерге ӛз тауарын сату
тиімсіз кездегі баға белгіленеді. Баға минимум ұзақ мерзімді
жалпы шығындар деңгейінде белгіленеді. Бұл ретте фирмалар не
сӛз байласады, не басқа фирмалардың үлгісімен жүреді. Мұндай
баға қалыпты пайданы қамтамасыз етеді және сол уақытта
олигополистік рынокта жаңа бәсекелестердің пайда болуына
кедергі жасайды.
«Шығындар плюс» принципі бойынша баға белгілеу. Баға
белгілеудің осы түрі тауарға деген сұраныс себептері бойынша
болатын белгісіздіктен қолданылады. Бұл ретте фирма
ұсынылған орташа айнымалы шығындарға пайыздық үстемесі
қосылатын тауарға деген бағаны анықтайды. Үстеме орташа
тұрақты шығындардың орнын толтыру және қалыпты пайданы
алуды қамтамасыз етеді. Сұраныс икемділігі тым жоғары болса,
соншалықты үстеме де тӛменірек болады.