9.4 Монополиялық билік кӛрсеткіші
Жетілген бәсекелес фирма және монополиялық биліктегі
фирма арасындағы маңызды айырмашылық мынада, баға
л
96
бәсекелес фирма үшін шекті шығындарға тең болады, ал
монополиялық биліктегі фирма үшін баға шекті шығындардан
асады. Сондықтан монополиялық билікті ӛлшеу тәсілі болып
пайданы барынша кӛбейте отырып, шекті шығындардан асатын
баға шамасы табылады.
Монополиялық билікті анықтаудың бұл тәсілін 1934 жылы
экономист Абба Лернер ұсынған және Лернер монополиялық
билік кӛрсеткіші деген атауға ие болған:
мұнда Р
м
- монополист бағасы;
МС - монополистің шекті шығындары.
Лернер коэффициентінің сандық мәні әрдайым 0 және 1
арасында болады.
Жетілген бәсекелес фирма үшін Р = МС жэне L = 0 болады.
L үлкенірек болса, соншалықты монополиялық билік
артығырақ.
Монополиялық биліктің бұл коэффициенті сондай-ақ фирма
онымен кездесетін сұраныс икемділігінің терминдерінде беріледі.
Алайда, енді Е
р
нарық сұранысын емес, фирма сұранысының
икемділігін білдіреді. Елеулі монополиялық билік жоғары
табысқа кепілдік бермейді. Пайда бағаға деген орташа
шығындардың қатынасынан байланысты болады. А фирмасы В
фирмасына қарағанда үлкен монополиялық билікті игеруі
мүмкін, бірақ, егер онда орташа шығындар айтарлықтай жоғары
болса, аз пайда алады.
|