Микроэкономика


Бірінші бақылаудың соңы (2)



бет13/70
Дата15.09.2023
өлшемі1,41 Mb.
#181200
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   70
Байланысты:
ef eiu mikro2 posobie kaz

Бірінші бақылаудың соңы (2)
Микроэкономикадан бақылау жұмысы №2 (2)

1. Төменде жалпы пайдалылықтың мәндері көрсетілген. Осы жағдайлардың қайсысы шекті пайдалылықтың кему заңын сипаттайды:


А) 200, 400, 500, 600;
В) 200, 550, 850, 1200;
С) 200, 500, 1700, 9700;
D) 200, 300, 200, 100;
Е) 200, 350, 450, 500.
2. Осы суретте көрсетілген бюджет сызығының жылжуы немен байланысты?
У

Х
А) х – тауардың бағасы төмендеді;


В) х – тауардың бағасы жоғарлады;
С) у – тауардың бағасы жоғарлады;
D) у – тауардың бағасы төмендеді
Е) баға өзгеріссіз қалды.
3. Тұтынушы тауардың қосымша бірлігін тек баға төмендегенде ғана сатып ауға дайын екені төмендегі жағдайға байланысты:
А) алмастыру тиімділігіне;
В) шекті пайдалылықтың кему заңына;
С) табыс тиімділігнеі;
D) ұсыныс заңына;
Е) сұраныс заңына.
4. Төмендегі суретте тұтынушының бюджет сызығы корсетiлген. Тұтынушының табысы 300 а.б. құрайды. Ү тауарының бағасын табыңыз
Y
20



0 X
А) 20;


В) 15;
С) 40;
D) 25;
Е) 30.
5. Раушанның апталық табысы 60 теңгеге тең делік. Раушан табысты нан мен сүтке жұмсайды. Бір бөлке нанның бағасы 20 тенге (Х), ал 1 литр сүттің бағасы 30 тенге (Ү) болған жағдайында бюджет сызығының теңдеуін жазыңыздар.
А) 2Х + 3Ү = 6;
В) 40Х + 20Ү = 60;
С) 5Х + 7Ү = 80;
D) Х= - 2Ү + 8;
Е) 3Х + 2Ү = 60.
6. Алмастың бағасы су бағасынан жоғары, себебі:
А) алмастың жалпы пайдалылығы судың жалпы пайдалылығынан жоғары;
В) судың жалпы пайдалылығы алмастың жалпы пайдалылығынан жоғары;
С) берілген тұтыну көлемі жағдайында алмастың шекті пайдалылығы судың шекті пайдалылығынан жоғары;
D) сатып алушылар алмас үшін ақшаны көбірек төлеуге дайын;
Е) алмас судан қымбат.
7. Пайдалылықты кардиналистік тұрғыдан түсіндірудің ординалистік тұрғыдан түсіруден айырмашылығы:
А) Әр түрлі игіліктердің пайдалылығынын салыстыруды талап етпейді.
В) Пайдалылық мөлшерін өлшеуді талап етпейді.
С) Пайдалылықтардың бір – біріне тәуелсіздігін талап етпейді.
D) Пайдалылықтың сандық шамасын анықтауға мүмкіндік береді.
Е) Пайдалылықтың сапалық шамасын анықтауға мүмкіндік береді.
8. Транзитивтік заңдылық бойынша тұтынушы А тауар жиынтығын В тауар жиынтығынан, ал В тауар жиынтығын С тауар жиынтығынан артық көрсе:
А) А тауар жиынтығын С тауар жиынтығынан артық көреді;
В) С тауар жиынтығын А тауар жиынтығынан артық көреді;
С) А және С тауар жиынтықтарының айырмашылығы жоқ;
D) А тауар жиынтығын В тауар жиынтығынан артық көреді;
Е) В тауар жиынтығын С тауар жиынтығынан артық көреді.
9.Тұтынушының бюджет сызығы төмендегі суретте көрсетілген. Тұтынушының табысы 150 ақша бірлігіне тең. Бюджет сызығының теңдеуін жазыңыз:
Y
30
0 50 X
А) 50X + 30 Y = 150.
В) 30X + 50 = 150.
С) 3 X + 5 Y = 150.
D) 5 X + 3 Y = 150.
Е) Y = 3X + 150.
10. Шекті пайдалылық – бұл:
А) тұтынушың алғысы келетін пайдалылықтың ең жоғарғы деңгейі;
В) тұтынушының бірінші өнім бірлігін тұтынуынан алатын пайдалылығы;
С) белгіленген игілік санның тұтынуы кезінде алуға мүмкін ең жоғарғы пайдалылық;
D) белгілі ақша сомасын жұмсау кезінде алуға болатын ең жоғарғы пайдалылық деңгейі;
Е) дұрыс жауап берілмеген.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   70




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет