Микроэкономика


Бесінші бақылаудың соңы (1)



бет11/70
Дата15.09.2023
өлшемі1,41 Mb.
#181200
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   70
Байланысты:
ef eiu mikro2 posobie kaz

Бесінші бақылаудың соңы (1)


Микроэкономикадан межелік бақылау жұмысы (1)

1. Бағаның өсуі сұраныстың азаюына әкелетін гипотеза, ол –


А) өнім өндірушінің артықшылығы;
В) сұраныс заңы;
С) ұсыныс функциясы;
D) ұсыныс заңы;
Е) сұраныс функциясы.

2. Ұсыныс қисығының өзгеруі мынадай себептерге байланысты болады (қате жауапты тап):


А) өндіріс технологиясына;
В) тауардың бағасына;
С) салық саясатына;
D) өндіріс факторларының бағасына;
Е)басқа тауарлардың бағасына.

3. Сұраныс пен ұсыныс функциялары берліген. : QD = 35 – 3P (сұраныс функциясы), QS = P – 1 (ұсыныс функциясы). Тепе – тең бағаны және көлемді табыңыздар.


А) 6 и 24;
В) 9 и 8;
С) 8 и 36;
D) 6 и 36;
E) 5 и 35.

4. Егер икемді сұраныс тауарының бағасы 15 ақша бірлігінен 17 ақша бірлігіне дейін өссе онда, онда табыс:


А) азаяды;
В) өседі;
С) өзгеріссіз қалады;
D) азаю да, өсуі де мүмкін;
Е) нақты жауап беру мүмкін емес.

5. Тұтынушы тауардың қосымша бірлігін тек баға төмендегенде ғана сатып ауға дайын екені төмендегі жағдайға байланысты:


А) алмастыру тиімділігіне;
В) шекті пайдалылықтың кему заңына;
С) табыс тиімділігнеі;
D) ұсыныс заңына;
Е) сұраныс заңына.

6. Жалпы пайдалылық – бұл:


А) берілген игілік көлемін тұтыну кезіндегі алынатын пайдалылық деңгейі;
В) игілікті пайдаланудағы барлық мүмкін боларлық жұптардан алынатын пайдалылықтардың жиынтығы;
С) тұтынушы талап ететін пайдалылық деңгейі;
D) тұтынушының табысы бойынша анықталатын пайдалылық деңгейі;
Е) шекті пайдалылық.

7. ”Табыс -тұтыну” қисығы төменде айтылғандардың қайсысын сипаттайды:


A) бағаның өзгеруіне байланысты тұтынушылар табысының өзгеруін;
B) тауарлардың бағасының өзгеруіне байланысты тұтынушылар талмағы қалай өзгеретінін;
C) табыс өзгеруіне байланысты тұтынушылар талғымының өзгеруін.
D) дұрыс жауап табу мүмкін емес;
E) ол әр түрлі жағдайға байланысты болады.

8. Төмендегі жағдайлардың қайсысы орындалғанда табыс тиімділігі орын алады:


A) тұтынушылардың табысы азайып, беріген тауарды сатып алу көлемі кемісе;
B) берілген тауардың бағасы арзандап, тұтынушы осы тауарды (басқа тауарларды сатып алу мөлшерін азайтпай) көп мөлшерде сатып алса;
C) тұтынушылардың табысы көбейгенде кейбір тауарларды сатып алу мөлшері азайса;
D) осы жоғарыда айтылғандардың бәрі де орындалмаса.
E) анықтау мүмкін емес

9. Ұзақмерзімді кезең деген не?


А) өндірістің барлық факторлары тұрақты болып саналатын мерзім;
В) өндірістің барлық факторлары айнымалы болып саналатын мерзім;
С) факторлардың бір бөлігі тұрақты, бір бөлігі айнымалы болып саналатын мерзім;
D) фирмалар салаға еркін кіре алатын кезең;
Е) факторлардың бір бөлігі тек қана тұрақты болатын кезең.

10. Кестенің мәліметтері бойынша АVС (2) табыңыздар:



Q

TC

0

40

1

100

2

170

3

250

4

300

5

370

А) 65;
В) 170;
С) 60;
D) 130;
Е) 120.

11. Ішкі шығындар:


А) бір рет қана төленіп, ешқандай жағдайда да қайтарып алу мүмкіндігі болмайтын шығындар;
В) экономикалық шығындар;
С) кәсіпорын меншігі болып табылатын ресурстарды пайдалануға байланысты туындайтын шығындар;
D) тауар өндірісі мен қызметтерге тікелей байланысты шығындар;
Е) өндірілген өнімнің өткізілуімен байланысты шығындар.

12. Орташа айнымалы шығындар функциясы мынадай: АVС =100 + 2Q2. Жалпы шығынның функциясының алгебралық өрнегін табыңыздар. Тұрақты шығындар 12 ақша бірлігіне тең.


А) 12+12 Q + 2Q3;
В) 12+100 Q + 2Q2;
С) 10 Q + 2Q2;
D) 10 Q + 2Q2;
Е) 12 + 100Q + 2Q3.

13. Фирманың орташа айнымалы шығыны- 2 теңге, ал орташа тұрақты шығын – 0,5 теңге болса, онда 50 дана өнiм шығаруға қажет жалпы шығыны қанша болмақ:


А) 2,5 тг;
В) 125 тг;
С)750 тг;
D) 1100 тг;
Е) анықтау үшiн берiлген деректер жеткiлiксiз.

14. Фирма – жетілген бәсекелес болып табылады. Қысқа мерзімде шығындарды азайту мақсатында фирма қандай жағдайда өнім өндірісін тоқтатып, нарықтан шыққаны дұрыс ?


А) Р = МС;
В) Р < АС;
С) Р > АFС;
D) Р < АVС;
Е) Р > АVС.

15. Жетілген бәсеке кезінде:


А) салада біртекті өнім шығаратын өндірушілер саны көп болады;
В) фирмалардың саны шағы және олар шығаратын тауарлар стандартталған немесе дифференциалды;
С) берілген өнімнің бір ғана сатып алушысы болады;
D) нарыққа кіру кедергілер болады;
Е) барлық бәсекелестер бағалық бәсекеге тартылған.

16. “Қалыпты пайда” ұғымына төмендегілердің қайсысы сәйкес келеді?


A) MC=MR кезіндегі фирманың пайдасы;
B) саладағы басқалардан өзгешелігі жоқ фирманың пайдасы;
C) фирманың қалыпты жұмыс жағдайындағы пайдасы;
D) фирманың осы қызмет шеңберінде қалу үшін таба алатын ең кіші пайдасы;
E) кәсіпкерге жоғары өмір денгейін қамтамасыз ететін пайда.
17. Ресурстың тиімді пайдалану әдісі
A) MRPB) MRP>MRC
C) P=MC
D) MRP=MRC
E) MR=MC

18. Төмендегі берілгендердің қайсысы экономикалық эффект


A)монополия
B) ішкі эффекттің болмауы
C) жетілген бәсекелістік
D) барлық аталған құбылыстар
E) аталған құбылыстардың ешқайсысы емес

19. Бір ресурсты басқа ресурспен ауыстыру қалай өтеді?


A) изокванта бойымен жылжуы
B) өсу сызығымен жылжуы
C) тек қана өнімділіктің төмендетуі жағдайында
D) изокоста бойымен жылжуы
E) екі товар толықтырғыш жағдайында

20. Бәсекелестік фирмаға қарағанда монополист қанша еңбекақы төлейді?


A) жоғары енбекақының мөлшері және жұмысшылардың саның аз жалдауы
B) төмен енбекақының мөлшері және жұмысшылардың саның көп жалдауы
C) төмен енбекақының мөлшері және жұмысшылардың саның сондай көлемде жалдауы
D) төмен енбекақының мөлшері және жұмысшылардың саның аз жалдауы
E) жоғары енбекақының мөлшері және жұмысшылардың саның көп жалдауы



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   70




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет