Микроэкономика


Бірінші бақылаудың соңы (1)



бет7/70
Дата15.09.2023
өлшемі1,41 Mb.
#181200
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   70
Байланысты:
ef eiu mikro2 posobie kaz

Бірінші бақылаудың соңы (1)
Микроэкономикадан бақылау жұмысы №2 (1)

1. Төменде жалпы пайдалылықтың мәндері көрсетілген. Осы жағдайлардың қайсысы шекті пайдалылықтың кему заңын сипаттайды:


А) 300, 400, 500, 600;
В) 300, 550, 850, 1200;
С) 300, 500, 1700, 9700;
D) 300, 500, 600, 690;
Е) 300, 150, 50, 20.

2. Мына суретте көрсетілген бюджет сызығының қозғалысы неге байланысты?


У

Х
А) х – тауардың бағасы төмендеді;


В) у – тауардың бағасы төмендеді;
С) х – тауардың бағасы жоғарлады;
D) у – тауардың бағасы жоғарлады;
Е) баға өзгеріссіз қалды.

3. Тұтынушы тауардың қосымша бірлігін тек баға төмендегенде ғана сатып ауға дайын екені төмендегі жағдайға байланысты:


А) алмастыру тиімділігіне;
В) шекті пайдалылықтың кему заңына;
С) табыс тиімділігнеі;
D) ұсыныс заңына;
Е) сұраныс заңына.

4. Жалпы пайдалылық – бұл:


А) берілген игілік көлемін тұтыну кезіндегі алынатын пайдалылық деңгейі;
В) игілікті пайдаланудағы барлық мүмкін боларлық жұптардан алынатын пайдалылықтардың жиынтығы;
С) тұтынушы талап ететін пайдалылық деңгейі;
D) тұтынушының табысы бойынша анықталатын пайдалылық деңгейі;
Е) шекті пайдалылық.

5. ”Табыс -тұтыну” қисығы төменде айтылғандардың қайсысын сипаттайды:


A) бағаның өзгеруіне байланысты тұтынушылар табысының өзгеруін;
B) тауарлардың бағасының өзгеруіне байланысты тұтынушылар талмағы қалай өзгеретінін;
C) табыс өзгеруіне байланысты тұтынушылар талғымының өзгеруін.
D) дұрыс жауап табу мүмкін емес;
E) ол әр түрлі жағдайға байланысты болады.

6. Төмендегі жағдайлардың қайсысы орындалғанда табыс тиімділігі орын алады:


A) тұтынушылардың табысы азайып, беріген тауарды сатып алу көлемі кемісе;
B) берілген тауардың бағасы арзандап, тұтынушы осы тауарды (басқа тауарларды сатып алу мөлшерін азайтпай) көп мөлшерде сатып алса;
C) тұтынушылардың табысы көбейгенде кейбір тауарларды сатып алу мөлшері азайса;
D) осы жоғарыда айтылғандардың бәрі де орындалмаса.
E) анықтау мүмкін емес.

7. Транзитивтік заңдылық бойынша тұтынушы А тауар жиынтығын В тауар жиынтығынан, ал В тауар жиынтығын С тауар жиынтығынан артық көрсе:


А) А тауар жиынтығын С тауар жиынтығынан артық көреді;
В) С тауар жиынтығын А тауар жиынтығынан артық көреді;
С) А және С тауар жиынтықтарының айырмашылығы жоқ;
D) А тауар жиынтығын В тауар жиынтығынан артық көреді;
Е) В тауар жиынтығын С тауар жиынтығынан артық көреді.

8. Басқа шарттардың барлығы өзгеріссіз қалған жағдайда бір тауар бағасының өзгерісі:


А) бюджет сызығының параллель жылжуын тудырады;
В) бюджет сызығында бұрады;
С) бюджет сызығын өзгертпейді;
D) бюджет сызығын параллель көшіреді және бұрады;
Е) дұрыс жауап жоқ.

9. Бесінші желінген балмұздақ бірішісіне қарағанда тұтынушыны аз қанағаттандырады, оның себебі:


А) сұраныс заңына байланысты;
В) шекті пайдалылықтың азаюында;
С) тауар артықшылығында;
D) тауар тапшылығында;
Е) ұсыныс заңында.

10. Төмендегі суретте тұтынушының бюджет сызығы корсетiлген. Тұтынушының табысы 500 а.б. құрайды. Тұтынушының бюджет сызығының теңдеуiн жазыңыз.


Y
20





0 50 X
А) 50X + 30 Y = 500.
В) 30X + 50 = 150.
С) 3 X + 5 Y = 150.
D) 2 X + 5 Y = 100.
Е) Y = 3X + 150.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   70




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет