Микроэкономика


Үшінші бақылаудың соңы (1)



бет9/70
Дата15.09.2023
өлшемі1,41 Mb.
#181200
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   70
Байланысты:
ef eiu mikro2 posobie kaz

Үшінші бақылаудың соңы (1)
Микроэкономикадан бақылау жұмысы №4 (1)

1. Фирманың орташа айнымалы шығыны- 2 теңге, ал орташа тұрақты шығын – 0,5 теңге болса, онда 50 дана өнiм шығаруға қажет жалпы шығыны қанша болмақ:


А) 2,5 тг;
В) 125 тг;
С)750 тг;
D) 1100 тг;
Е) анықтау үшiн берiлген деректер жеткiлiксiз.

2. Фирма – жетілген бәсекелес болып табылады. Қысқа мерзімде шығындарды азайту мақсатында фирма қандай жағдайда өнім өндірісін тоқтатып, нарықтан шыққаны дұрыс ?


А) Р = МС;
В) Р < АС;
С) Р > АFС;
D) Р < АVС;
Е) Р > АVС.

3. Жетілген бәсеке кезінде:


А) салада біртекті өнім шығаратын өндірушілер саны көп болады;
В) фирмалардың саны шағы және олар шығаратын тауарлар стандартталған немесе дифференциалды;
С) берілген өнімнің бір ғана сатып алушысы болады;
D) нарыққа кіру кедергілер болады;
Е) барлық бәсекелестер бағалық бәсекеге тартылған.

4. “Қалыпты пайда” ұғымына төмендегілердің қайсысы сәйкес келеді?


A) MC=MR кезіндегі фирманың пайдасы;
B) саладағы басқалардан өзгешелігі жоқ фирманың пайдасы;
C) фирманың қалыпты жұмыс жағдайындағы пайдасы;
D) фирманың осы қызмет шеңберінде қалу үшін таба алатын ең кіші пайдасы;
E) кәсіпкерге жоғары өмір денгейін қамтамасыз ететін пайда.

5 Жетілген бәсеке жағдайындағы фирма үшін сұраныс қисығы немен сәйкес келеді:


А) жалпы табыстың қисығымен;
В) орташа және шекті табыстың қисығымен;
С) жалпы шығындардың қисығымен;
D) шекті шығындардың қисығымен;
Е) айнымалы шығындардың қисығымен.

6. Жетілген бәсеке шартына төмендегілердің қайсысы кірмейді?


А) белгілі тауарды сатушы да, сатып алушы да көп және сатушылардың әр қайсысы сату көлемінің аз ғана бөлігін өндіреді;
В) сатып алушы тұрғысынан тауар бір текті болу керек және барлық сатып алушылар сатушыларға құпия болуы тиіс;
С) салаға шығуға кедергі жоқ;
D) сатушылар мен сатып алушылар үшін бағаның нарықтық деңгейі туралы ақпарат алу қиын;
Е) В және D

7. А. Смиттің “ Халықтар байлығының негізі және пайда болуының себептерін зерттеу ” атты негізгі еңбегі қай жылы жарық көрді:


A) 1854 г.;
B) 1861 г.;
C) 1779 г.;
D) 1933 г.;
E) 1776 г..

8. Таза бәсеке жағдайында, жалпы экономикалық тепе-теңдiкке қажеттi талап бойынша:


А) барлық салалардағы шығынның мөлшерi алдын-ала белгiленген және ұсыныстың қисығы көлденең болып келуі керек;
В) экономика мемлекеттік реттелуі қажет;
С) барлық өнiмдер мен ресурстар нарығында, сұраныс пен ұсыныстың тепе-теңдiгі сақталуы тиіс;
D) барлық тұтынушылардың пайдалылығын ең жоғарғы деңегейге көтеру керек;
Е) барлық ресурстар шексiз болуы қажет.

9. Паретоның ресурстарды тиімді болу теориясы әлеуметтік тұрғыдан тиімді ме?


А) иә;
В) жоқ;
D) бұны анықтау мүмкін емес;
С) егер де монополия жайлы болса, онда иә;
Е) бірдей.

10. Бәсекелес фирма табысты ең жоғары деңгейге көтеру үшін қосымша жұмысшыларды жалдауға тиіс егер:


A) жалпы түсім жалпы шығындардан кем болса;
B) шекті еңбек өнімі ақшалай түрде еңбек ақы деңгейінен төмен болса;
C) шекті өнім шамасы ақшалай түрде кемісе;
D) шекті өнім шамасы ақшалай түрде өссе;
E) шекті еңбек өнімі ақшалай түрде еңбек ақы деңгейінен жоғары болса..


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   70




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет