Микроэкономика


Екінші бақылаудың соңы (1)



бет8/70
Дата15.09.2023
өлшемі1,41 Mb.
#181200
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   70
Байланысты:
ef eiu mikro2 posobie kaz

Екінші бақылаудың соңы (1)


Микроэкономикадан бақылау жұмысы №3 (1)

1. Өндіріс көлеміне тәуелді емес шығындар:


А) жиынтық шығындар;
В) жалпы шығындар;
С) орташа тұрақты шығындар;
D) орташа жалпы шығындар;
Е) тұрақты шығындар.

2. Ұзақмерзімді кезең деген не?


А) өндірістің барлық факторлары тұрақты болып саналатын мерзім;
В) өндірістің барлық факторлары айнымалы болып саналатын мерзім;
С) факторлардың бір бөлігі тұрақты, бір бөлігі айнымалы болып саналатын мерзім;
D) фирмалар салаға еркін кіре алатын кезең;
Е) факторлардың бір бөлігі тек қана тұрақты болатын кезең.

3. Кестенің мәліметтері бойынша АVС (2) табыңыздар:



Q

TC

0

40

1

100

2

170

3

250

4

300

5

370

А) 65;
В) 170;
С) 60;
D) 130;
Е) 120.

4. Ішкі шығындар:


А) бір рет қана төленіп, ешқандай жағдайда да қайтарып алу мүмкіндігі болмайтын шығындар;
В) экономикалық шығындар;
С) кәсіпорын меншігі болып табылатын ресурстарды пайдалануға байланысты туындайтын шығындар;
D) тауар өндірісі мен қызметтерге тікелей байланысты шығындар;
Е) өндірілген өнімнің өткізілуімен байланысты шығындар.

5. Орташа айнымалы шығындар функциясы мынадай: АVС =100 + 2Q2. Жалпы шығынның функциясының алгебралық өрнегін табыңыздар. Тұрақты шығындар 12 ақша бірлігіне тең.


А) 12+12 Q + 2Q3;
В) 12+100 Q + 2Q2;
С) 10 Q + 2Q2;
D) 10 Q + 2Q2;
Е) 12 + 100Q + 2Q3.

6. Масштабтың тұрақты тиімділігі қандай жағдайда орын алады:


А) тұрақты орташа шығындар өндіріс көлеміне тәуелді емес болғанда;
В) ұзақ мерзімді орташа шығындар өндіріс көлемі өскен сайын кеми түскенде;
С) ұзақ мерзімді орташа шығындар өндіріс көлемі өскен сайын өзгеріссіз қалғанда;
D) қысқа мерзімді айнымалы шығындар өндіріс көлемі өскен сайын кеми түскенде;
Е) қысқа мерзімді айнымалы шығындар өндіріс көлемі өскен сайын өсе түскенде.
7. Кез-келген өнім шығару көлемінде фирманың жалпы шығындары тең:
А) орташа жалпы шығындар мен орташа айнымалы шығындардың айырмасына;
В) орташа айнымалы шығындардың өнім шығару көлемінің көбейтіндісіне;
С) орташа жалпы шығындардың өнім шығару көлемінің көбейтіндісіне;
D) орташа ішкі шығындар мен орташа айнымалы шығындардың қосындысына;
Е) тұрақты және шекті шығындардың қосындысына.
8. Айнымалы шығындардың өндіріс көлеміне қатынасы:
A) орташа айнымалы шығындар;
B) жалпы өнім;
C) орташа айнымалы өнім;
D) орташа жалпы шығындар;
E) орташа тұрақты шығындар.
9. “АРАЙ” шағын кәсіпорыны балмұздақ өндірумен айналысады. Егер балмұздақ жасайтын компоненттердің бағасы өсетін болса:
А) тұрақты шығын өседі;
В) айнымалы шығын кемиді;
С) орташа шығын кемиді;
D) орташа шығын сол қалпы қалады;
Е) айнымалы шығын өседі.
10. 30 теледидар жасап шығарған кездегі шығын 10 000 ақша бірлігін құрайды, ал 50 теледидар шығарғанда 14 000 ақша бірлігіне тең болады. Шекті шығындар тұрақты. 60 теледидар шығару кезіндегі тұрақты шығынды есептеп табыңыздар.
А) 300;
В) 2000;
С) 4000;
D) 5000;
Е) 150.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   70




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет