Сұраныстың бағалық икемділігі
Сұраныстың бағалық икемділігі еp бағаның өзгерісі сұраныс шамасының қаншалықты өзгеріске ұшырайтынын көрсетеді:
еp = - ∆Q/Q : ∆Р/Р,
мұндағы ∆Q сұраныстың өзгеруі, Q сұраныстың бастапқы шамасы, ∆Р бағаның өзгеруі және Р бастапқы баға.
Егер сұраныс көлемі бағаға тәуелді болмаса, сұраныс мүлде икесіз болып есетеледі және сұраныс қисығы абцисса өсіне вертикальді болып орналасады.
Егер сұраныс қисығы горизонтальды сызық болып келсе, онда сұраныс абсолютты икемді болып саналады.
Сұраныс заңы баға және сұраныстың көлемінің өзара арасындағы байланысын сипаттайды, бірақ сұраныстың икемді және икемді еместігін байланыстырмайды.
Сұраныстың табыс бойынша икемділігі
Сұраныстың табыс бойынша икемділігі тұтынушының табысының өзгеруі мен оның белгілі бір тауарға деген сұраныс көлемінің өзгеруі арасындағы қатынасты сипаттайды және төмендегі формула бойынша есептеледі:
er = ∆Q/Q : ∆R/R , мұнда R – тұтынушылардың табысы.
Сұраныстың жанама икемділігі
Екі тауардың арасында олардың бағаларының өзгеруіне байланысты белгілі бір байланыс болуы, яғни қандай да бір тауардың бағасының өзгеруі, екінші бір тауарға деген сұраныстың өзгеруіне ықпал жасауы мүмкін. Мұндай жағдайда екі тауар арасындағы байланыстың икемділігі туралы сөз болады және бұл икемділік сұраныстың жанама икемділі деп аталады және мынадай формуламен өрнектеледі.
eab= (4)
Мұндағы Qa және ΔQa сәйкесінше а тауырына бастапқы сұраныс көлемі және осы сұраныс шамасының өзгерісі болса, Pb және ΔPb b тауарының бастапқы бағасы және осы бағаның өзгерісі.
1. Егер еab>0 болса, онда а және b тауарлары бірін-бірі алмастырғыш тауарлар.
2. Егер еab<0 болса, онда а және b тауарлары бірін-бірі толықтырғыш тауарлар.
3. Егер еab=0 болса, онда а және b тауарлары бір-біріне қаттысыз.
Жалпы пайдалылық TU дегеніміз барлық игілік қорының жиынтығы. Оны барлық жекелеген пайдалылықтың қосындысы деп қарастыруға болады:
0>
Достарыңызбен бөлісу: |