Микроэкономика


Микроэкономикадан межелік бақылаудың соңы (7)



бет48/70
Дата15.09.2023
өлшемі1,41 Mb.
#181200
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   70
Байланысты:
ef eiu mikro2 posobie kaz

Микроэкономикадан межелік бақылаудың соңы (7)
НҰСҚА №8


Микроэкономикадан бақылау жұмысы №1 (8)

1. Өндіріс мүмкіншіліктердің сызығы мынаны көрсетеді:


А) шаруашылықтың шығарғысы келетін екі тауардың нақты көлемін;
В) екі тауардың мүмкін болатын комбинациялардың ең жақсысын;
С) берілген ресурстардың мөлшерінде тауардың альтернативті комбинациясын;
D) өндірістің өнімділік факторлардың төмендеу заңының басталуын және уақытын;
Е) ресурстардың аз мөлшерінде, екі тауардың максималды мөлшерін өндіруін.

2. Нарық субьектісіне жатады:


А) кәсіпкер Васильев;
В) металлкесетін станок;
С) «Тұран Әлем» банкі;
D) ақшалар;
Е) дұрыс жауаптар А және С.

3. Тұтынушылар табысының өсуі нәтижесінде (басқа шарттар бірдей болған жағдайда):


А) сұраныс мөлшері өседі;
В) сұраныс азаяды;
С) сұраныс мөлшері азаяды;
D) сұраныс өседі;
Е) ұсыныс мөлшері азаяды.

4. Төмендегі тауарлар мен қызметтердің бағасы кеміді. Қандай тауар немесе қызметке сұраныс шамасы ұлғая түсуі мүмкін?


A) тұзға
B) кір сабынға
C) косметолог қызметіне
D) тіс дәрігер қызметіне
Е) дәрігер қызметіне.

5. Сатушы төлейтін тауарлық салықты енгізу


A) нарықтағы тепе-теңділік көлемді ұлғайтады;
B) ұсыныс көлемінің ұлғайтады;
C) нарықтағы тепе-теңділік көлемді кемітеді;
D) сұраныс қисығын жылжытады;
E) A) және B) жауаптары дұрыс.
6. Ұсыныс-бұл:
А) тұтынушының сатып алғысы келетін тауарларының саны;
В) нарықтағы тауарлардың саны;
С) өндірушілер шығара алатын және нарыққа шығаратын тауарлардың саны;
D) тұтынушылар қалайтын тауарлардың саны;
Е) тауардың қалдығы.

7. Егер сұраныс төмендесе, сұраныс қисығы:


А) төменге немесе солға жылжиды;
В) сағат тілімен жылжиды;
С) жоғарға немесе оңға жылжиды;
D) сағат тіліне қарсы жылжиды;
Е) өзінің орнын өзгертпейді.

8. Жалпы жағдайдағы сұраныс функциясы дегеніміз:


А) сұраныс көлемі мен оған әсер ететін факторлардың арасындағы қатынас;
В) сұраныс көлемі мен шығындардың арасындағы байланыс;
С) сұраныс көлемі мен ұсыныс көлемінің арасындағы өзара байланыс;
D) жоғарыда айтылғандардың бәрі де дұрыс емес
E) анықтау мүмкін емес.

9. Теледидардың бағасы 30 %- ға өсті, ал сұраныс 29 %- ға дейін төмендеді, онда сұраныс:


А) икемсіз;
В) икемді;
С) бірлік икемді;
D) мүлдем икемсіз;
Е) мүлдем икемді.

10. Сұраныс пен ұсыныстың функциясы берілген: QD = 104 – 7P (сұраныс функциясы), QS = 5P – 40 (ұсыныс функциясы). Тепе-тең көлемді табыңыз.


А) 16;
В) 18;
С) 40;
D) 20;
E) 50.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   70




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет