Микроэкономика


Микроэкономикадан межелік бақылау жұмысының соңы (2)



бет18/70
Дата15.09.2023
өлшемі1,41 Mb.
#181200
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   70
Байланысты:
ef eiu mikro2 posobie kaz

Микроэкономикадан межелік бақылау жұмысының соңы (2)
НҰСҚА №3


Микроэкономикадан бақылау жұмысы №1 (3)

1. Позитивті экономикалық теория қарастырады:


А) ненiң барлығын;
В) ненің болу керек екенiн;
С) экономика дамудың жағымды тенденцияларды;
D) бағалайтын көз қарастарды;
Е) жоғарыда аталғандардың барлығын.

2. Қазіргі нақты баға тепе-тең бағадан жоғары делік. Бұл жағдайда:


А) ұсыныс өзгереді;
В) тапшылық болады;
С) сұраныс өзгереді;
D) ұсыныс артықшылығы болады;
Е) жағдай өзгеріссіз қалады.

3. Сұраныс бағасы дегеніміз:


А) сатып алушылар белгілі тауарға төлеуге дайын ең төменгі баға;
B) сатып алушылар белгілі тауар санына төлеуге келісетін ең жоғары баға;
C) сатушылар нарықта тауарларын сататын ең төменгі баға;
D) сатушы өз тауарын сататын ең төменгі баға;
Е) сатушы өз тауарын сатуға келісетін ең жоғары баға.

4. Берiлген өнiмнiң бағасы мен сату көлемiнiң арасында тiкелей тәуелдiлiк болады, ол былай деп аталады:


А) сұраныс заңы;
В) ұсыныс заңы;
С) тиiмдiлiк заңы;
D) Ойкен заңы;
Е) Сэй заңы.

5. Картопқа деген сұраныс функциясы Qd = 900 – 2P, Qd- күніне картопқа деген сұраныс шамасы (кг), Р - 1кг-ның бағасы (теңге). Ұсыныс функциясы:


Qs = 600 + P, мұндағы Qs-күніне картопқа деген ұсыныс шамасы (кг). Картопқа 30 теңге баға орнатылса нарықта қандай жағдай болады?
A) артықшылық 300 кг
B) жетіспеушілік 210 кг
C) бұл тепе – тең баға
D) нарықта ештеме де өзгермейді
Е) анықтау мүмкін емес.

6. Егер екі тауар өзара алмастырғыш болса, онда біріншіге бағаның өсуі екінші тауарға қалай әсер етеді:


А) екінші тауарға сұраныс төмендейді;
В) екінші тауарға сұраныс өседі;
С) екінші тауарға сұраныс көлемі өседі;
D) екінші тауарға сұраныс көлемі төмендейді;
Е) екінші тауарға ұсыныс төмендейді.

7. Тұтынушылар алдағы уақытта аудио және видео тауарлары арзандайды деп естиді. Демек:


A) бұл тауарларға деген сұраныс қисығы солға жылжиды;
B) аудио және видео тауарларын сату көлемі азаяды;
C) бұл тауарларға деген сұраныс азаяды;
D) жоғарыда айтылғандардың бәрі дұрыс.
E) анықтау мүмкін емес.

8. Егер икемді сұраныс тауарының бағасы 50 ақша бірлігінен 60 ақша бірлігіне дейін өссе онда, онда табыс:


А) азаяды;
В) өседі;
С) өзгеріссіз қалады;
D) азаю да, өсуі де мүмкін;
Е) нақты жауап беру мүмкін емес.

9. Сұраныстың жанама икемділік коэфиценті мынадай қатынас арқылы анықталады:


А) А тауарға сұраныс көлемінің пайыздық өзгерісінің А тауар бағасының пайыздық өзгерісіне қатынасымен;
В) А тауарға сұраныс көлемінің пайыздық өзгерісінің В тауар бағасының пайыздық өзгерісіне қатынасымен;
С) А тауар бағасының пайыздық өзгерісінің В тауарға сұраныс көлемінің пайыздық өзгерісіне қатынасымен;
D) А тауарға ұсыныс көлемінің пайыздық өзгерісінің А тауарға сұраныс көлемінің пайыздық өзгерісіне қатынасымен;
Е) А тауарға сұраныс көлемінің пайыздық өзгерісінің В тауарға ұсыныс көлемінің пайыздық өзгерісіне қатынасымен.

10. Егер Х және У тауарлары бір-біріне қатысы жоқ тауарлар болса, онда сұраныстың жанама икемділік коэффицентінің мәні:


A). Нөлге тең;
B). Оң сан;
C). Теріс сан:
D). Бірден кіші сан;
Е) бірден үлкен сан.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   70




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет