Микроэкономика


Бірінші бақылаудың соңы (5)



бет31/70
Дата15.09.2023
өлшемі1,41 Mb.
#181200
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   70
Байланысты:
ef eiu mikro2 posobie kaz

Бірінші бақылаудың соңы (5)
Микроэкономикадан бақылау жұмысы №2 (5)

1. Төменде жалпы пайдалылықтың мәндері көрсетілген. Осы жағдайлардың қайсысы шекті пайдалылықтың кему заңын сипаттайды:


А) 200, 300, 400, 500;
В) 200, 350, 450, 500;
С) 200, 500, 1700, 9700;
D) 200, 500, 600, 690;
Е) 200, 150, 50, 0.
2. Мына суретте көрсетілген бюджет сызығының қозғалуы неге байланысты?

Y

Х
А) х – тауардың бағасы төмендеді;
В) у – тауардың бағасы төмендеді;
С) х – тауардың бағасы жоғарлады;
D) у – тауардың бағасы жоғарлады;
Е) баға өзгеріссіз қалды.
3. Бюджет сызығы өз жағдайын өзгертпейді, егер:
А) Х тауардың бағасы Ү тауар бағасының төмендеу пайызына дейін төмендесе;
В) Х тауардың бағасы Ү тауар бағасының төмендеу пайызына дейін өссе;
С) баға мен табыс бірдей қатынаста өзгерсе;
D) баға төмендеп, ал табыс сол қатынаста өссе;
Е) табыс өсіп, ал баға өзгеріссіз қалса.
4. Раушанның апталық табысы 160 теңгеге тең делік. Раушан табысты нан мен сүтке жұмсайды. Бір бөлке нанның бағасы 20 тенге (Х), ал 1 литр сүттің бағасы 40 тенге (Ү) болған жағдайында бюджет сызығының теңдеуін жазыңыздар.
А) 2Х + 3Ү = 6;
В) 40Х + 20Ү = 160;
С) 5Х + 7Ү = 80;
D) Х= - 2Ү + 8;
Е) 3Х + 2Ү = 16.
5. Алмастың бағасы су бағасынан жоғары, себебі:
А) алмастың жалпы пайдалылығы судың жалпы пайдалылығынан жоғары;
В) судың жалпы пайдалылығы алмастың жалпы пайдалылығынан жоғары;
С) берілген тұтыну көлемі жағдайында алмастың шекті пайдалылығы судың шекті пайдалылығынан жоғары;
D) сатып алушылар алмас үшін ақшаны көбірек төлеуге дайын;
Е) алмас судан қымбат.
6. Пайдалылықты кардиналистік тұрғыдан түсіндірудің ординалистік тұрғыдан түсіруден айырмашылығы:
А) Әр түрлі игіліктердің пайдалылығынын салыстыруды талап етпейді.
В) Пайдалылық мөлшерін өлшеуді талап етпейді.
С) Пайдалылықтардың бір – біріне тәуелсіздігін талап етпейді.
D) Пайдалылықтың сандық шамасын анықтауға мүмкіндік береді.
Е) Пайдалылықтың сапалық шамасын анықтауға мүмкіндік береді.
7. Бюджеттік сызықтың көлбеулігі қалай анықталады?
A) тұтынатын тауарлардың көлемі арқылы
B) тұтынушының тепе – теңдік нүктесіндегі шекті тауардың арақатынасы арқылы
C) тауар көлемі мен бағаның арақатынасы арқылы;
D) тек қана баға арқылы;
Е) дұрыс жауап жоқ.
8.Тұтынушының бюджет сызығы төмендегі суретте көрсетілген. Тұтынушының табысы 150 ақша бірлігіне тең. Бюджет сызығының теңдеуін жазыңыз:
Y
50

0 30 X
А) 50X + 30 Y = 150.


В) 30X + 50 = 150.
С) 3 X + 5 Y = 150.
D) 5 X + 3 Y = 150.
Е) Y = 3X + 150.
9. Шекті пайдалылық – бұл:
А) тұтынушың алғысы келетін пайдалылықтың ең жоғарғы деңгейі;
В) тұтынушының бірінші өнім бірлігін тұтынуынан алатын пайдалылығы;
С) белгіленген игілік санның тұтынуы кезінде алуға мүмкін ең жоғарғы пайдалылық;
D) белгілі ақша сомасын жұмсау кезінде алуға болатын ең жоғарғы пайдалылық деңгейі;
Е) дұрыс жауап берілмеген.
10. Талғамсыздық қисығында мынадай қасиет болмайды:
А) Неғұрлым жоғары жатқан талғамсыздық қисығы пайдалылықты соғұрлым көп әкеледi;
В) Ол оң көлбеу болып келедi;
С) Олар қиылыспайды;
D) Талғамсыздық қисығы солдан оңға жылжыған сайын жазыңқы бола түседi;
Е) Дұрыс жауап жоқ


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   70




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет