Микроэкономика


Үшінші бақылаудың соңы (6)



бет39/70
Дата15.09.2023
өлшемі1,41 Mb.
#181200
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   70
Байланысты:
ef eiu mikro2 posobie kaz

Үшінші бақылаудың соңы (6)
Микроэкономикадан бақылау жұмысы №4 (6)

1. Фирма – жетілген бәсекелес болып табылады. Қысқа мерзімде шығындарды азайту мақсатында фирма қандай жағдайда өнім өндірісін тоқтатып, нарықтан шыққаны дұрыс?


А) Р = МС;
В) Р < АС;
С) Р > АFС;
D) Р < АVС;
Е) Р > АVС.

2. Бәсекелес фирманың өнім бағасы 8-ге тең. Фирманың шығындары 15 + Q2. Өнім шығарудың тепе-тең көлемін және ең жоғары пайданы табыңыз.


A) 4 және 5 сәйкесінше;
B) 4 және 2 сәйкесінше;
C) 4 және 1 сәйкесінше;
D) 1 және 5 сәйкесінше;
E) 4 және 4.

3. Жетілген бәсеке жағдайында фирманың қысқа мерзімдегі фирманың ұсыныс қисығы:


А) шекті шығындар қисығынан жоғары орналасқан орташа айнымалы шығындар қисығымен қабаттасады;
В) нарықты ұсыныс қисығымен сәйкескеледі;
С) орташа айнымалы шығындар қисығынан төмен орналасқан шекті шығындар қисығымен қабаттасады;
D) орташа айнымалы шығындар қисығынан жоғары орналасқан шекті шығындар қисығымен сәйкес келеді;
Е) бұл қисықтар бір-бірінен ерекше болады.

4. Жетілген бәсеке шартына төмендегілердің қайсысы кірмейді?


А) белгілі тауарды сатушы да, сатып алушы да көп және сатушылардың әр қайсысы сату көлемінің аз ғана бөлігін өндіреді;
В) сатып алушы тұрғысынан тауар бір текті болу керек және барлық сатып алушылар сатушыларға құпия болмауы болуы тиіс;
С) салаға шығуға кедергі жоқ;
D) сатып алушылар үшін бағаның нарықтық деңгейі туралы ақпарат алу қиын;
Е) тауарлар біртекті (стандартты).

5. Фирманың тепе – теңділік шарты:


A) MRВ) MR>MC;
C) MR=MC;
D) MR/MC;
E) MR*MC.

6. Өздерінің жеке экономикалық мүдделерін жүзеге асыруда субъектілер қақтығыстарының қоғамдық нысаны:


А) жарыс;
В) бәсекелестік;
С) өндіріс функциясы;
D) ұсыныс икемділігі;
Е) алалау.

7. Ұзақ мерзімді кезендегі орташа шығындар:


A) кемиді;
B) артады;
C) өзгеріссіз қалады;
D) 0-ге тең;
E) басында кемиді, кейін артады.

8. Кері сыртқы әсер қай жағдайда пайда болады?


А) табысқа салынатын салық деңгейі өскенде;
В) көршісінің дренарлық жүйені орнатуына байланысты фермердің өнім көлемі өссе;
С) темекі бұйымдарын өндіргенде;
D) фирма шикізатты жеңілдікпен сатып алса;
Е) табысқа салынатын салық деңгейі төмендесе.

9. Бәсекелес фирманың қысқа мерзімдегі ұсыныс қисығы:


А) шекті шығын қисығына сәйкес келеді;
В) орташа шығын қисығының кемитін бөлігі;
C) орташа шығын қисығының өсетін бөлігі;
D) шекті шығын қисығының орташа айнымалы шығындар қисығынан жоғары орналасқан бөлігі.
Е) Жоғарда айтылғандардың бәрі дұрыс емес.

10. Ұзақ мерзімді кезеңде монополист жетілген бәсекелеске қарағанда:


А) өз кәсіпорынның мөлшерін өзгерте алмайды;
В) саладан кете алмайды;
С) кәсіпорын мөлшерін өзгертуге ынтасы болмайды;
D) басқа фирмалардың бәсекесінен қорғалған;
Е) өнімді жетілдіруде мүдделі болмайды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   70




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет