СҰРАҚТАРДЫҢ ДҰРЫС ЖАУАБЫН ТАБЫҢЫЗ
1. Бәсекелестік жетілген нарық пен монополиялық
бәсекелестік арасында ұқсастық бар, ол мынада:
а) нарықтық ортада сатушылар мен сатып алушылар саны
көп;
ә) өзіндік қасиеттері, ерекшеліктері бар тауарлар
өндіріледі;
б) стандартты, біртектес тауарлар өндіріледі;
в) фирмалардың тауарларына деген сұраныс қисығы
горизонталь сызық болады;
г) нарықтағы әр фирманың іс-әрекеті онымен
бәселекес фирмалардың іс-қимылдарына байланысты
болады;
2. Төмеңдегі графикте монополиялық бәсекелестік на-
рығындағы фирманың жағдайы көрсетілген. Егер
фирма тауарының бағасын Р деп белгілесе, онда ол
қателеседі, себебі:
а) бұл баға кезінде шекті түсім шекті шығыннан
көп;
ә) бұл баға фирмаға ең жоғары пайда әперетін
бағадан жоғары;
362
б) Р бағасы кезіндегі өнім көлемі пайда ең аз болатын
жағдаймен салыстырғанда екі есе аз;
в) жоғарыда айтылғандардың бәрі дұрыс;
г) а және д пункттері дұрыс.
3. Екінші тест графигі бойынша, егер фирма көлемінде
өнім шығаратын болса, онда:
а) нарыққа жаңа өндірушілер кіреді;
ә) фирма экономикалық пайда алады;
б) фирма өніміне Р деңгейінде баға қойылады;
в) жоғарыда айтылғандардың бәрі дұрыс;
ғ) а және ә пункттері дұрыс;
4. Монополиялық бәсеке тұтынушыларға тиімді әрі пай-
далы деушілер былай деп тұжырымдайды:
а) өнімге өзіндік ерекшелік беру тұтынушылардың әр
түрлі талғамдарын жүзеге асыруға ықпал етеді;
ә) монополиялық бәсеке жағдайында фирмалар нарық
тұрғысынан алғанда тиімді болатын өнім көлемін
өндіреді;
363
9-тарау. Монополиялық бәсеке
б) толық бәсеке фирмалар арасындағы күреске әкеп
соғады;
в) монополиялық бәсеке жағдайьшда қоғам тұр-
ғысынан алғанда тиімді саналатын ресурс
қолдануға қол жетеді;
г) барлық тұжырымдар дұрыс.
5. Монополиялық бәсекелес фирмалардың сұраныс қисығы
қандай болады:
а) икемді;
ә) икемсіз;
б) өте икемді;
в) өте икемсіз;
г) сынық сызықты.
Монополиялық бәсекелес фирмалардьщ бір-біріне
а) МС=АСАmin
ә) ТС>ТR;
б) P=AC
в) МС = D (щекті шығынның сұранысқа тең болуы).
7. Егер В — сұраныс, ал МR — шекті түсім, LRАС _ ұзақ
мерзімдегі орташа шығын, ал LRМС - ұзақ мерзімдегі
шекті шығын десек, онда монополиялық бәсекелес
фирманың ұзақ мерзімдегі тепе-теңдік жағдайы қай
графикте көрсетілген:
364
8. ОПЕК төмендегі нарық құрылымының қайсысына жа-
туы мүмкін:
а) толық жетілген бәсекелес фирма;
ә) монополиялық бәсекелес фирма;
б) бірге қызмет істеуге ыңғайланбаған олигополия;
в) картель.
9. Пайдаларын бірге барынша көбейту үшін фирмалар
төмендегі нарық құрылымдарының қай түрін ұйым-
дастырулары мүмкін:
а) монополиялық бәсеке нарығын;
ә) картель;
б) олигополия;
в) монополия.
10. Төмендегі суретте монополиялық бәсекелес фирма
қандай жағдайда жұмыс істеп түр:
а) экономикалық пайдаға ие болады;
ә) шығынға ұшырайды;
б) экономикалык пайдасы нольге тең;
365
9-тарау. Монополиялық бәсеке
в) ұзақ мерзімдегі орташа шығындар шекті шығындардан
төмен.
ЖАТТЫҒУЛАРДЫҢ ЖАУАБЫ
а) ОG;
ә) ОҒ;
б) иә, ЕҒЬК;
в) фирма экономикалық пайдаға ие болғандықтан, қысқа
мерзімдегі кезенде жұмыс істейді;
г) фирмалардың алатын табыстары ұзақ мерзімдегі кезенде
жаңа фирмаларды салаға алып келеді. Фирманың
сұраныс қисығы төмен солға қарай қозғалады және
икемдірек болады. Ескі фирмалардың сұраныс
қисықтарының қозғалысы, басқа фирмаларды
қызықтыратын пайда қалмағанға дейін төмен қозғалады.
Демек ұзақ мерзімді тепе-теңдік орнайды, фирманың ұзақ
мерзімдегі орташа шығындарын сұраныс қисығы жанап
етеді де, фирма кәдімгідей пайда алады.
Достарыңызбен бөлісу: |