10.2. Олигополия кезіндегі фирмалардың
стратегиясы және ойын теориясы
Ойын теориясы бір-біріне қарама-қарсы мақсаты бар фирмалардың іс-әрекетін талдайды, сондықтан олигопо-лиялық бәсекені түсіндіру кезінде қолданылады. Бұл теория олигополиялық фирмалардың стратегиялық өзара байланысын көрсетеді және осы уақытта әр фирма өз бақталасының әрбір іс-әрекетін ескеріп, талдап, бағалайды да соның нәтижесінде өзі шешім қабылдайды.
Ойын теориясы баға белгілеу процесінде қалай қолданылатынын көрсетейік. Нарықта екі бәсекелес фирма (екі “ойыншы”) іс-әрекет жасайды делік, олардың әрқайсысы өзінің пайдасын жоғары деңгейге жеткізуді көздейді. Формалардың екі балама бағалық стратегиясы бар: біріншісі - өнімнің бағасын төмендету, екіншісі - бағаны тұрақты бір деңгейде ұстап тұру. Фирмалар өз алдарына қойған мақсаттарына жеткізетін стратегияны таңдаулары керек. Баға туралы шешім тек қана фирмалардың өздерінің шешімдеріне ғана тәуелді емес, сонымен қатар бәсекелестердің баға таңдауына да тәуелді. Сондықтан әрбір фирма екі түрлі стратегиядағы пайдаларын есептейді: бақталас бағаны төмендетпегендегі және бақталас бағаны төмендеткен жағдайдағы.
Фирмалардың стратегиялық өзара қатынастарын ойын деп атаймыз. Ойындардың қалай өту тәсілдерін қарастырайық. Бірінші тәсіл: ойындардың кеңейтілген түрі “ағаш бұтақтары” түрінде кескінделеді және шешімдер қабылдағандағы ойын жүрістерін көрсетеді. А фирмасы бірінші больш стратегия таңдайды, ал одан кейін В фирмасы тандауды жүзеге асырады деп ұйғарайық. Ойынның нәтижесі ойыншылардың нақты стратегияны таңдап алғандағы табатын пайдасы. А фирмасының пайдасын - ПА деп, ал В фирмасының
376
10.2. Олигополия кезіндегі фирмалардың ...
пайдасын - Пв деп белгілейміз. Сонымен ойын төмендегідей “ағаш бұтақтары” түрінде болады:
10.2-сурет.
Бұнда фирмалардың сгратегяялары 1 және 2 цифр-ларымен белгіленген. Егер екi фирмада 1-стратегияны таңдап алатын болса, онда ойынның нәтижесі (X; Ү) болады, ал А фoрмасы бірінші стратегияны, В фирмасы екінші стратегияны таңдаған кезде ойын нәтижесі (Z;W) болады.
Ойынды көрсетудің басқа тәсілі матрица түрі болады:
10.1-кесте
А фирмасының стратегиясы
|
|
В фирмасының стратегиясы
|
|
1
|
2
|
1
|
(X; Ү)
|
(W; Z)
|
2
|
(W, Z)
|
(Ү; X)
|
Фирмалардың әр түрлі стратегияны таңдағандағы алатын пайдалары сандар жұбымен көрсетілген: сандар жұбындағы бірінші элементі - А фирмасының пайдасы, ал екіншісі - В фирмасының пайдасы.
Сонымен, нәтижелер матрицасы белгілі, бірақ бақталас қандай шешім қабылдайтыны белгісіз. Сондықтан бұл жағдайда, ойыншылардың ең ықтимал шешімін іздеп табу керек. Ол үшін ойын теориясы қолданылады.
Келесі ойынды қарастырайық:
377
10-тарау. Олигополия
10.2-кесте
А ойыншының стратегиясы
|
|
В ойыншының стратегиясы
|
|
1
|
2
|
1
|
(2; 2)
|
(1; 0)
|
2
|
(0; 1)
|
(0; 0)
|
Егер А ойыншы бірінші стратегияны таңдайтын болса, онда ол бақталастың кез келген шешімінде де жақсы жағдайда болады. В ойыншы да бірінші стратегияны таңдаса, онда осындай ұқсастықты көреміз. Сонымен, ойында 1-1 стратегиясы таңдап алынатын болса, онда нәтиже (2; 2) болуы ықтимал. Бұл стратегия -басым стратегия деп аталады. Сонымен қатар өзінің шамасы жағынан да өте жақсы стратегия және ойынның тепе-теңдік шешімі болып есептеледі. Ойынды талдаудың проблемасы: олардың көбінің басым стратиегиясының тепе-теңдік жұбы жоқ. Мысалы, мына ойынды қарастырайық:
10.3-кесте
(2; 2)
|
(-1; 3)
|
(3; -1)
|
(0; 0)
|
Тепе-тендік стратегиясы 2-2, бірақ бұл ойын нәтижесі 1-1 стратегияны тандағанға қарағанда нашар.
2-стратегия әрбір ойыншы үшін максимин стратегиясы болады. Бұл стратегия қарама-қарсы мақсаты бар бақталастың кез келген әрекетінде де ойыншыға ең нашар жағдайдың жақсы нәтижесін әкеледі. Біздің мысалымызда А ойыншы өр стратегияның нашар нәтижесін талдайды: 1-стратегияда оның ең төменгі нәтижесі — 1-ге тең, ал 2-стратегияда - 0. Осы мүмкін болатын нашар нәтижелерден А фирмасы жақсысын тандайды, ол 2-стратегия. Бақталас қандай әрекет жасаса да, бұл стратегия бойынша нәтиже 0-ден кем болмайды. Егер В ойыншының іс-әрекетін талдасақ, ол да осыған ұқсас болады, 2-2 стратегиясы Нәш тепе-теңдігі деп аталады,
378
10.3. Картельдің құрылуы
бұл кезде стратегияны басқа ойыншы таңдайды деп ұйғарғанда әр ойыншының стратегиясы ұтымды болады және ойынның тепе-теңдік шешімі болады.
Баға белгілеу процесінде олигополиялық фирма максимин стратегиясына сүйенеді. Фирма және оның бақталасы бағаны әр түрлі деңгейде белгіледі деп ұйғарып, осы екі фирманың пайдасының матрицасын қарастырайық:
А фирмасының стратегиясы
|
|
В фирмасының стратегиясы
|
|
40 теңге
|
50 теңге
|
40 теңге
|
(3600 теңге; 3600 теңге)
|
(4500 теңге; 2400 теңге)
|
50 теңге
|
(2400 теңге; 4500 теңге)
|
(4000 теңге; 4000 теңге)
|
Фирмалардың максимин стратегиясы — тауардың бағасын 40 теңгеге дейін төмендету болып табылады. Екі фирма әзара келісіп, бағаны 50 теңге деп белгілесе, пайданы баға 40 теңге болғандағыдан гөрі көп алады. Бірақ бақталастық және бір-біріне деген сенімсіздік бағаны төмендетуге әкеліп соқтырады. Егер фирма бағаны бір қалпында ұстап тұрса, онда бақталас фирма бағаны төмендетіп, нарықтағы өз үлесін көбейтеді де, пайдасын жоғарылатуы мүмкін. Сондықтан максимин стратегиясы-ның тиімділігі: пайданың қауіпсіздігін қамтамасыз етуде деп айта аламыз және фирманың берілген стратегиясында оның пайдасы белгілі бір деңгейден кейін төмендемейді.
10.3. Картельдің құрылуы
Жоғарыда айтылғандай егер фирмалар жоғары деңгейдегі бағаны ұстап тұруға келіссе, онда олар бақталас пен бәсекелестерден гөрі жоғары пайда алады. Картель құрған уақытта өндірушілердің белгілі бір тобы тауардың бағасы мен енім өндіру көлемі туралы келісімге келеді, соның нәтижесінде пайдаларын жоғары деңгейге жеткізеді. Олигополиялық фирмалар бірігіп, бір
379
10-тарау. Олигополия
монополия сияқты әрекет жасайды: олар тауардың бағасын жоғарылатады, ал өнім көлемін шектеп, бір деңгейде ұстап отырады. Сондықтан картельдің әрбір мүшесіне белгілі бір квота тағайындалады. Картель кезінде пайданы неғұрлым жоғары деңгейге жеткізу мақсаты қалай орындалатынын график түрінде көрсетейік (10.3-сурет):
Әуелі барлық фирмалар жетілген бәсеке жағдайында әрекет жасайды деп ұйғарамыз.
10.3-сурет. Картель.
Онда Рк QК -бәсеке бағасы және саладағы өнім шығару көлемі. Фирмаладың экономикалық пайдасы нөлге тең. Е нүктесі - бәсекелестік кезіндегі тепе-теңдік нүктесі. Енді, фирмалар картель құрып, бірікті делік. Онда пайданы барынша көбейту есебі монополия жағдайындағыдай бо-лып шешіледі. Рм және Qм — монополия бағасы және жалпы өнім шығару көлемі. Сондықтан өнім көлемі, QК -ден МR = МС болатын Qм денгейіне дейін қысқарады. Енді, бұл өнім шығару көлемі фирмалар арасында өзара бөлінеді. Мұндағы басты мәселе әр фирманың өнім көлемі квотасын белгілеп және оларды бақылау. Пайда қуған кейбір фирмалар өз пайдасын барынша көбейту үшін квотасын асырады. Егер салада көптеген фирмалар келісім шартын бұзса, онда ұсыныс (Q*~Qк) көбейеді және баға Рк деңгейіне
380
10.4. Баға белгілеудегі лидерлік
дейін төмендейді. Сондықтан картель бағасын ұстап тұру үшін әрбір фирма өзінің квота мөлшерінен, яғни Qm-нен өнім көлемін асырмауы керек. Іс жүзінде картелъдер монополиялық баға жайлы келісу және квотаны енгізу мәселелерінде қиындыққа кездеседі.
10.4. Баға белгілеудегі лидерлік
Жоғарыда айтылғандай, олигополиялық фирмалар өзара бірігіп, баға мен өнім шығару көлемі туралы келісімге (ашық немесе жасырын) келген уақытта пайдаларын көбейтеді. Дегенмен, фирмалардың бәрін қанағаттан-дыратын бір деңгейдегі бағаны белгілеу қиын, әсіресе шығындар мен сұраныс өзгеретін болса. Егер нарықта бір басым фирма болып, ол баға белгілеудегі лидер болса, онда жоғарыда айтылған мәселелер өте жеңіл шешіледі. Бұл басым фирма баға белгілейді, ал қалған фирмалар - ілеспелі фирмалар болады. Іс жүзінде бұндай көрініс барлық олигополиялық нарықтарда кездеседі.
Лидер (басым) фирма бағаны қалай тағайындайтынын қарастырып өтейік. Фирма өзіне ең көп пайда әкелетін баға белгілейтіні бізге белгілі және бұл кезде шекті түсім шекті шығынға тең болатын шарт орындалуы керек. Сондықтан лидер фирма бірінші өзінің тауарына деген таза сұранысты анықтайды. Ол үшін басқа ілеспелі фирмалардың әр түрлі баға деңгейінде сата алатын өнім көлемін анықтайды (ілеспелі фирмалардың үсыныс қисығын SҒ), содан кейін бұл көлемді нарықтағы сұраныс көлемінен шегереді. 10.4-суретте лидер фирманың тауарына деген таза сұраныс (QN) нарықтағы сұраныс көлемінен (D) ілеспелі фирмалардың ұсыныс шамасын (S5Ғ) алып тастағандағы айырмасына тең
болады.
381
10- тарау. Олигополия
10.4-сурет. Баға белгілеудегі лидерлік.
Бұдан кейін фирма шекті түсімді (МRN) анықтайды және МRN = МС болғандағы өнім шығару көлемін (qL) табады. Осы көлемге сәйкес келетін баға (РL) басқа фирмалар үшін де белгіленген баға болады. Олар РL бағасы бойынша qF көлемінде өнім шығарады. Нәтижесінде нарықтағы жалпы ұсыныс көлемі qL = qL + qF болады.
ЖАТТЫҒУЛАР
1. Олигополиялық нарықта бірдей тауар өндіретін 2 фирма қызмет етеді. Екі фирманың да нарықтағы үлестері тең және тауар бағасын бірдей белгілейді. Төменде әр фирманың тауарына деген сұраныс пен шығындар жөніндегі ақпарат келтірілген:
382
10.1-кесте
Баға (доллар)
|
Сұраныс көлемі (бірлік)
|
Өндіріс көлемі
( бірлік)
|
Жалпы шығындар
( долл)
|
10
9
8
7
6
|
5
6
7
8
9
|
5
6
7
8
9
|
45
47
50
55
65
|
а) әр фирманың тауарына баға белгілеу барысында өз
бәсекелесінің өз тауарына дәл осындай баға белгілей-
тіндігіне сенімді болса, нарықта баға қойылады;
ә) егер жоғарыда айтылған шарт сақталатын болса,
онда әр фирма қандай өндіріс көлемін таңдар еді?
б) ұзақ мерзімде болашақта жаңа фирмалардың
пайда болуы мүмкін бе? Осы 2 фирманың
әрбіреуінің өз тауарына бәсекелесіне қарағанда
төмен баға белгілеуге себебі бар ма, егер болса ол
қандай?
2. Төменде екі фирманың ықтимал стратегияларының нәтижелер матрицасы келтірілген.
Б фирмасының
стратегиясы
|
А фирмасының стратегиясы
|
|
1
|
2
|
1
|
4000 $
|
3000 $
|
2
|
2000 $
|
1500$
|
әр фирманың 2 ықтимал стратегиясы бар:
А - 1 және 2
Б — 1 және 2
Матрицадағы сандар Б фирмасының табыс саласын және А фирмасының шығын саласын көрсетеді:
а) А фирмасы үшін басыңқы стратегия қайсы;
ә) В фирмасы үшін басым стратегия қайсы;
б) бұл жағдайда қандай шешім тепе-теңдік береді;
в) тепе-теңдік шешім қабылданған жағдайда А
фирмасы қандай зиян шегеді;
383
10-тарау. Олигополия
г) тепе-теңдік шешім қабылданғанда Б фирмасы
қандай табыс алады.
3. Суретте өз пайдасын барынша көбейтетін 4 фирманың
табыстарының және шығындарының графиктері берілген.
Берілген мәліметтерді пайдаланып төменгі тұжырымдар-
дың дұрыс немесе дұрыс емес екендігін анықтаңдар.
А фирмасы
Өнім
Өнім
384
В фирмасы
Г фирмасы
Өнім
10.1-сурет. А, Б, В, Г фирмаларының
Достарыңызбен бөлісу: |