Микроорганизм штаммы


"Патогендік биологиялық агент"ұғымын түсіндіріңіз



бет3/3
Дата09.12.2023
өлшемі19,18 Kb.
#196116
1   2   3
Байланысты:
29,30,31,32

32. "Патогендік биологиялық агент"ұғымын түсіндіріңіз.
патогенді биологиялық агент – адамның, жануардың немесе өсімдіктің организмінде инфекциялық және (немесе) паразиттік процесті туғызуға қабілетті микроорганизмдер, биологиялық және өсімдік тектес улар (уыттар), гельминттер, нематодтар;
патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеу – патогенді биологиялық агенттерді зерттеу, жою және (немесе) иммундық-биологиялық препараттарды әзірлеу мақсатында оларды бөлуге (табуға), әзірлеуге (жасауға), өндіруге (дайындауға), олардың айналымына (оның ішінде әкелуге (әкетуге), сақтауға, тасымалдауға) тікелей бағытталған патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеу процестері (сатылары);
патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеуді жүзеге асыратын маман (бұдан әрі – маман) – техникалық және кәсіптік және (немесе) орта білімнен кейінгі білімі және (немесе) жоғары және (немесе) жоғары білімнен кейінгі білімі және (немесе) ғылыми дәрежесі бар және белгіленген тәртіппен патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеуге жіберілген жеке тұлға;
патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеуді жүзеге асыратын субъект – осы Заңда белгіленген тәртіппен және шарттарда патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеуді жүзеге асыратын заңды тұлға;

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет